ҰЙЫМШЫЛДЫҚ НӘТИЖЕСІ АЙҚЫН
Өткен жылы аудан бойынша есірткі қылмысы өршіген тұста аудан көлемінде ауқымды іс-шараның ұйымдастырылды. Аудан әкімдігі жанынан жұмысшы топ құрылып, қиындықты шешуге күш жұмылдырылды. Әр ауылдан жасақталған топ өз аумағында тексеріс жүргізіп, есірткі алқабын анықтауға себепші болды. Мұндағы мақсат Қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл әкімдігі, тиісті сала қызметкерлерінің жұмысын бір арнаға жұмылдыру еді. Соның негізінде былтырға қарағанда көрсеткіш төмендеді. Бұның барлығы дер кезінде іс-әрекеттің ұтымды ұйымдастырылуында жатыр. Елді-мекендердің картасы сызылып, есірткі егуге қолайлы жерлерді нақты нүктесі анықталып, тексеру жұмыстары қолға алынды. Егістік алқаптарынан табылған есірткі жойылып, қылмыскерлер ұсталған. Құқық қорғау органдарының тікұшақ арқылы адам аяғы баспайтын жерге тексеріс жүргізіп, бірнеше фактіні анықтаған.
Осы орайда аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудан прокуроры Е.Алмазұлы, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Е.Сағидуллаұлы келер жылы да есірткімен күрес тоқтамайтынын жеткізді. Қоғамдық кеңес мүшелерінің пәрменділігі арқылы ірілі-ұсақты қылмысты жоюға мүдделі екендігін айтты.
Өз кезегінде барлық ауылдың активі аудан прокурорының жұмысына табыс тіледі.
Балтабай ОРДАБЕКОВ