Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 45 газет

21 маусым 2025 ж.

№ 44 газет

17 маусым 2025 ж.

№ 43 газет

14 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Ұлыбритания азаматы астаналық полицейлерге не үшін алғыс айтты

Ұлыбритания азаматы астаналық полицейлерге не үшін алғыс айтты

Ұлыбритания азаматы Роберт Дуглас Сим «Есіл» ауданы полиция басқармасының қызметкерлеріне сауда орталығында жоғалтып алған жеке заттары мен құжаттарын тез арада тауып бергендері үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шетелдік өз алғысын ҚР ІІМ басшылығы мен Астана полиция департаментіне жазған хатында білдірген. «Мен полицейлердің жұмысы қиын екенін білем, бірақ полиция қызметкерлерінің менің мәселемді жылдам шешіп бергеніне қайран қалдым», - деп жазды Роберт Дуглас Сим. Хат авторы полиция қызметкерлері полиция майоры Владимир Ысмағұловқа, полиция капитаны Расул Дәліге және аға лейтенант  Нұрлан Сматовқа рахмет айтты. Полиция ведомствосының басшылығына қызметтік міндеттерін адал атқарып, азаматтардың өтінішіне дер кезінде жауап қатқандары үшін алғыс жарияланды.  


https://www.inform.kz/kz/ulybritaniya-azamaty-astanalyk-policeylerge-ne-ushin-algys-aytty_a3509203
20 наурыз 2019 ж. 830 0