Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Жұмыста жетістікке жету оңай емес. Үмітіңіз ақталмайды. Жақсы жетістікке жету үшін көп еңбектену қажет. Қаржы мәселесіне қатысты кикілжіңдер орын алуы мүмкін. Ақшаға қатысты мәселеде адамдармен тіл табыса алмайсыз.

Торпақ
Ақшаға қатысты мәселеде өте сақ болыңыз. Ірі көлемдегі қаржылай істер сақтықты қажет етеді. Адамдарға сенім артқанда да абай болғаныңыз жөн. Кімге сену керек екендігін байқап-бақылаңыз. Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсарады.

Егіздер
Табандылығыңыздың арқасында жетістікке жетесіз. Қиын шаруаларды тез игере аласыз. Сонымен қатар ұсақ-түйек тірліктерді де назардан тыс қалдырмай, мәселені оң шешесіз. Бұл әрекетіңіз болашағыңызды жарқын етеді.  

Шаян
Серіктестік орнатуға қолайлы күн. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашық. Сонымен қатар өзіңізді жақсы қырынан танытуға асығыңыз. Осы арқылы қызметте өсіп, табысыңыз артатын болады. Жаңа таныстықтар орын алатын болады.

Арыстан
Жұмыс жасауға, еңбектенуге қолайлы күн. Шығармашылықпен айналысатын жандар жұмыста табысты болады. Жетістікке жету үшін ұсақ-түйекке де мән беріңіз. Кейде өзгелердің ісін өз жауапкершілігіңізге алуға тура келеді. Дайын болыңыз.  

Бикеш
Қызықты жоспарларыңыз бар. Алға қойған мақсатқа жетуге ештеңе кедергі бола алмайды. Алдыңызда кедергілер кездесер болса, сіз оларды жеңе аласыз. Осыған сеніңіз. Жұмысқа қатысты пайдалы ұсыныс түсетін болады.

Таразы
Күніңіз жақсы өтеді. Айналаңыздағы адамдар сізге сенбестік танытса да, өзіңіздің дұрыс жолда екендігіңізді біліңіз. өзгелердің ақыл-кеесін тыңдағаннан гөрі, ішкі түйсікке сенгеніңіз жөн. Сондықтан өз жоспарларыңыздан бас тартпаңыз.

Сарышаян
Маңызды мәселелерді талқылауға қолайлы күн. Олардың шешімін табуға болады.  Бірақ ол үшін аздаған уақыт қажет. Жаңа таныстық романтикалық кездесудің бастауы болуы мүмкін. Оған таңқалудың қажеті жоқ.

Мерген
Күніңіз сәтті басталмайды. Бірақ бұған бола көңіл-күйді түсірудің өажеті жоқ. Бұрын өзгелерді бағаламаған болсаңыз, енді сізге көңіл бөлмейтіндер табылады. Сондықтан қарапайым болыңыз. Адамдарды бағалай біліңіз.

Тауешкі
Жұмыста айтарлықтай жетістікке жетесіз. Айналаңыздағы адамдармен тіл табысып, өзіңізді қызықтырған іспен айналысасыз. Кез келген келіссөз немесе келісім шарт табыс әкеледі. Күтпеген жерден жұмысқа қатысты пайдалы ұсыныс түседі.

Суқұйғыш
Барлық қиындықты бір мезетте жеңу оңайға соқпайды. Сонда да болса өз белсенділігіңізді жоғалтпайсыз. Өміріңізде айтарлықтай өзгерістер орын алады. Қарсыластарды шаң қаптырасыз немесе жайсыз оқиғаларды жеңіп шығатын боласыз.

Балықтар
Күннің алғашқы бөлігінде жолға шығасыз, жоспарды өзгертесіз немесе жаңа таныстықтар орын алады. Қызықты ақпараттарға қол жеткізесіз. Түстен кейінгі уақытты өзіңізден бұрын өзгелерге арнайтын боласыз.

kyzylorda-news.kz

19 маусым 2019 ж. 640 0