Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Бүгінгі күн аса сақтықты талап етеді. Жұмысыңызға әдеттегіден көп көңіл бөлу қажет болады. Сонымен қатар бүгін барлық ойыңыз тез орындалады деп айту қиын. Қандай істе болмасын шешім шығаруға асықпаңыз.

Торпақ
Өте керемет күн. Алға қойған мақсаттарға жету үшін аянбайсыз. Егер жұмыста өсуді қаласаңыз, жұмысқа ден қойыңыз. Сіздің жұмысқа деген ынтаңыз бен өз кәсібіңіздегі жетістігіңізді басшылық ескеретін болады.

Егіздер
Тек өзіңізге ғана емес, сонымен бірге айналаңыздағыларға да жақсылық жасауға болады. Сіздің қайсыбір бастамаңыз болмасын қолдау табатыны анық. Сонымен қатар бүгінгі күн жұмыс барысын талқылауға қолайлы күн.  

Шаян
Нақты шешім қабылдағаннан гөрі, ойлануға сәтті күн. Айналаңыздағы жандармен тіл табысу қиын. Жиі орын алатын келіспеушіліктер жүйкеңізге тиетін болады. Сондай-ақ бүгін қаржы мәселесіне бей-жай қарамаңыз.

Арыстан
Өзіңіздің не ойлайтыныңызды жаныңыздағы адамдарға жеткізу, пікіріңізді білдіру қиын болады. Сіздің сөзіңізді дұрыс түсінбей, соның салдарынан ара-қатынастарыңыз қиындай түседі. Тіпті жақын адамдардың өзі сізге сенім артпайды.
Бикеш
Қаржы мәселесі тығырыққа тірейді. Ақшаға қатысты істің барлығында дұрыс шешім қабылдай алмай, соңында қателіктерді қалыпқа келтіру сіз үшін қымбатқа түседі. Бірақ бұл қиындықтар уақытша екенін естен шығармаңыз.

Таразы
Бүгін сіз үшін сәтті күн емес. Барлығы сіз қалағандай болмайды. Адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиындықтар туындап, көңіл-күйіңіз түседі. Сіз үшін қызықты болған шаруаны кейінге қалдыруға тура келеді. Себебі сізді тез орындалуы қажет жұмыс күтіп тұр.

Сарышаян
Ақшаңызды жаратуға асықпаңыз. Қаражатқа қатысты мәселеде айналаңыздағы жандар қажетті ақыл-кеңестер беретін болады. Осы кеңестерді пайдаға жаратқаныңыз жөн. Сіз үшін маңызды болған жұмыс оңынан шешілетін болады.

Мерген
Бүгінгі күн демалуға, ойын-сауық ұйымдастыруға қолайлы күн. Бірақ жұмыста жетістікке жету немесе табысты болу қиынға соқпақ. Мұның барлығына сіздің өзгелердің сөзіне еру, өз пікіріңізді білдіре алмау сынды мінезіңіз себеп болады.

Тауешкі
Бүгін көп пайдалы іспен айналысуға болады. Ескі таныстармен, бұрынғы әріптестермен немесе бала кездегі достармен әңгіме-дүкен құру сізді қуанышқа бөлейді. Сондай-ақ алғаш танысып отырған жандармен тез тіл табысасыз. Бірақ олармен жақын қарым-қатынас орнатпаңыз.

Суқұйғыш
Жұмысыңыз әдеттегіденде көп уақытыңызды алады. Кейде айналаңыздағы адамдар сіздің ашуыңызға тиетін болады. Бірақ өзіңіздің неліктен сонша ашушаң екеніңізді ұға алмайсыз. Мұндай жағдайда әзіл әңгімелер көңіліңізді көтеретін болады.

Балықтар
Бүгін сізге көп күшті қажет етпейтін жаңа жұмыстарды бастауға болады. Алғашқы табысқа жеткеннен-ақ өзіңізге деген сеніміңіз артып, күш-жгеріңіз артатын болады. Күннің екінші жартысында бұрын жіберген қателіктерді қалыпқа келтіруге мүмкіндік туып тұр.

kyzylorda-news.kz
13 маусым 2019 ж. 507 0