"Қара күш" қоныстанған үй

Алдында Алматыдағы мұндай үй туралы бірнеше газеттен оқығаным еске түсті бірден. Бардық. Үй тозған.
Мен дұға оқып үйді аралап көрдім. Үй таза емес. Бірақ, бір кері энергияның барын сезгендей болды. Өзімнің алып жүретін жай биоэнергетиканы өлшейтін құралыммен, үй іші мен сыртқы алаңқайды өлшеп көргенімде бұл жерде адамның басына бірден әсер ететін әлдебір "Қара күштің" барын мені ертіп келген жігітке айттым.
"Бұл жерде ұяланып, жанталасып биікке ұша алмағандықтан мәңгілікке жерде қалып қойған "Зұлым" әруақ ордасы бар", - дегенімде, ол да ат тонын ала кашты.
Ондаған жылдар бойы бұл үй осындай құбылысты бастан кешіруде. Тек қана жаны, иманы таза адам ғана табиғаттың сұрқиялы әсерінен аман қалады. Бұндай жанталасып, тынымсыз ғұмыр кешкен әруақтар әрқашанда адамдарға тыныштық бермейтіндей. Кейде олар адамдармен байланысқа да шығатынын естіп білдім. Кейде тіпті қолына қалам, қағаз алдыртып, адамды өз еркіне көндіріп, түсініксіз тілде сөз, сызықтар сыздырып, суреттер салғызады да.
Дегенмен бұндай әруақтар қандай түрде әсер еткенімен, адамдарға зияндық ете алмайды. Сонда да сақтық, беріктік керек.
Жанқай Маратов, Оңтүстік Қазақстан облысы
alashainasy.kz