Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –ӨМІРІҢІЗДІ САҚТАНДЫРУЫҢ ӨЗЕГІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –ӨМІРІҢІЗДІ САҚТАНДЫРУЫҢ ӨЗЕГІ

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Бұл бастаманың артықшылықтары неде? Осы және басқа да сұрақтарына «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Руслан Бектібаев жауап береді.
– Руслан Фаризунұлы, МӘМС дегеніміз не? Әлеуметтік әлсіз санаттағы халық медициналық қызметтермен толық қам­тамасыз етіледі ме?
– Егер қазақстандықтардың денсаулық жағдайын зерттесе, біз бүгін жақсы дина­миканы көріп отырмыз. Өмір сүру ұзақ­тығы, ана мен бала өлімі сияқты негізгі көрсеткіштер жақсаруда. Сонымен қатар, аурулар құрылымы өзгеруде. Медициналық қызметтерді тұтыну өсуде. Бірінші орынға созылмалы аурулар шығады, бұл артериялық қысымды төмендету үшін жаңа дәрі-дәр­мектерді, қандағы қантты бақылау, онко­логиялық ауруларды емдеу бойынша жаңа тех­нологияларды талап етеді және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі меди­циналық қызмет көрсетудің сапасы мен қол­жетім­ділігін айтарлықтай арттыруға көмек­тесуі тиіс.
2018-2020 жылдарға белгіленген МӘМС жарналары мен аударымдарының мөлшері жұмыс берушілер (оның ішінде ЖК мен ШҚ иелері өз жұмыскерлері үшін жұмыс беруші ретінде) 2018-2019 жылдары – 1,5%, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 2%, жеке тұлғалар 2018-2019 жылдар төлемейді де, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖК (өзі үшін) 1,4 еселенген ең төменгі жалақыдан – 5%, АҚК негізінде еңбек ететін тұлғалар 2020 жылы айлық табысынан – 1%, 2021 жылдан бастап – 2%, өзге санаттар ең төменгі жалақыдан – 5%. Мемлекет 2020 жылы жеңілдігі бар санаттар үшін мемлекеттік статистика органы тарапынан өткен 2 жылға бекітілген орташа айлық жалақының 1,4% көлемінде жарна аударады), жұмыс беруші жалдамалы жұмыскерлердің табысынан алынатын жарнаны ұстап қорға аударып отырады (2020ж – 1%, 2021ж – 2%).
Сонымен қатар, жұмыс берушілер, жеке кә­сіп­керлер азаматтардың әлеуметтік осал топ­тарына жататын қызметкерлер үшін тө­лем­дерден босатылды. Олар үшін (бұған балалар, жұмыссыздар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, зейнетақы төлемдерін алу­шылар, соның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүге­дектері және бас­қалар кіреді. Барлығы 15 санат) 2020 жылдан бастап ай сайын мемлекет аударып отырады.
– Жұмыс беруші зейнеткер немесе мүгедектер үшін аударымдарды төлеу ке­рек пе?
– Олар үшін жұмыс беруші шегерімдер жасамайды. Сонымен қатар, егер жеке кәсіпкер мемлекет төлейтін жеңілдікті санат­тардың біріне кірсе, ол төлемдерден боса­тылады.
– Медициналық сақтандыру қорына төлем 2017 жылдың 1 шілдесінен бас­талды. Қызылорда облысы бойынша қан­ша қаражат жинақталды?
– Республика бойынша жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің аударымдары мен жарналарының жалпы сомасы 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін 157,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде Қызылорда облысы бойынша – 4,5 млрд. теңге. Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 95,5% немесе 4,3 млрд. теңгесі жұмыс берушілерге, 4,5% немесе 159,5 млрд. теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық сипаттағы еңбек ететін санатқа тиесілі.
– Аймағымызда қанша медицина ұйы­мы Қормен келісімшартқа отырған?
– Бүгінгі күні 91 медициналық ұйым тір­келген, олардың 32-і мемлекеттік, 59-ы жеке. 2018 жылмен салыстырғанда жеке меди­циналық ұйымдардың саны 12 пайызға артты. 2019 жылы филиал 74 облыстық медициналық ұйым­дармен 41 757 640,8 мың теңгеге келісім-шарт жасасты. Олардың ішінде 20 бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша, 23 стоматологиялық клиникалар.
– Қандай медициналық қызметтер тегін меди­циналық кепілденген көмек­тің пакетіне ен­гізілген, яғни барлық аза­маттарға қол жетімді? Сақтандырылған аза­маттар үшін МӘМС пакетіне не кіреді?
– 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қор тегін медициналық кепілдендірілген көмектің операторы және медициналық қызметтер үшін бірыңғай төлеуші болды.
ТМККК медициналық пакеті бойынша барша азаматтарға жедел-жәрдем және са­нитарлық авиация, бастапқы медици­налық-санитарлық көмек, шұғыл жағдай­ларда стационарды ал­мас­тыратын және ста­ционарлық көмек, пал­лиативті көмек көрсетіледі. Әлеуметтік маңызы бар ауру­лар, негізгі созылмалы аурулар кезінде кон­сультативті-диагностикалық қызмет, амбу­­ла­­торлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз ету, жоспарлы стационарлық және стационарды алмастыратын көмек, тубер­кулезге шалдыққан­дарды медициналық оңал­туды алуға құқығы бар.
МӘМС медициналық пакеті бойынша (сақ­тан­дырылған азаматтарға) консультациялық-диаг­нос­тикалық көмек, ересектерді профилак­тикалық тексеруден өткізу, балаларды ма­ман­­­дан­дырылған деңгейде тексеру, ТМККК паке­тіне кірмейтін созылмалы ауруларды ди­намикалық бақылау және бағасы қымбат зертханалық қызметтер (гормондар, дәрумен­дер, онкомаркерлер, антиденелер, ПЦР), бағасы қымбат диагностикалық қызметтер (КТ, МРТ т.б.). Бұдан басқа, ТМККК пакетіне кірмейтін аурулар бойынша амбулаторлық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарды ал­мастыратын көмек көрсету, жоспарлы стационарлық көмек көрсету. Балалар мен ересектерге кардиология, кардиохирургия, нев­рология, нейрохирургия, травматология, ор­топедия салалары бойынша медициналық оңалту.
– Вакцинациялар медициналық қыз­мет көрсетулердің пакетіне енгі­зілетін болады ма?
– Профилактикалық егулер мемлекеттің бар­лық азаматтарына тегін медициналық кепілденген көмектің пакетіне енгізілген.
– Маусымдық жұмыстарда істейтін тұрақты табысы жоқ азаматтар Қорға жарнаны қалай төлейді?
– Ресми жұмысы мен тұрақты табысы жоқ азаматтар үшін бір ең төменгі жалақыдан 5% мөлшерінде жарналарды дербес төлеп, медициналық сақтандыруды алу мүмкіндігі бар. Маусымдық жұмыс барысында жалақы болған кезде жұмыс берушілер қызметкерлерге есептелген кірістің 1,5%-ын, 2020 жылдан бастап -1%-ын аударуға міндетті.
– Өз бетінше жұмыспен айналысушы­ларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы қалай қамту керек, егер олар жеке кәсіпкер ретінде салық органдарында тіркелмеген болса, бірақ табыс табады. Мысалы, үйде тағам­дарды жасап сатады, тігу өнерімен ай­на­лысады және т.б.
– 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір­ыңғай жиынтық төлем енгізілді. Бұл жеке қосалқы шаруашылық қызметкерлері, отбасы­лық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қыз­меткерлері және қызметкерлері жоқ кәсіп­керлер сияқты санаттарға арналған. Яғни адам бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын төлей оты­рып, МӘМС жүйесіне қатыса алады. Оның мөлшері Республикалық маңызы бар қалалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш (2 525 теңге), басқа елді мекендер үшін (аудан, ауыл және т.б.) – 0,5 АЕК (1 263 теңге).
– Медициналық сақтандыру ен­­­­гі­зіл­ген­нен кейін МРТ, УДЗ, онко­маркерлер, гор­мондарға арналған тал­дау­лар және т.б. сияқты қымбат тұратын диаг­нос­тикалық және зертханалық қызмет­тер қолже­тімді бола ма?
– Иә, сақтандырылған азамттарға диагнос­тикалық және зертханалық қызметтер қолжетімді болады және МӘМС жүйесінің пакетінде. 2020 жылдан бастап учаскелік дәрігерлердің медициналық жолдамасы негізінде бұл аталған қызметтерді ала алады.
– Қандай стоматологиялық қыз­мет­­терді тегін алуға болады?
– ТМККК тізіміне балалар мен ересек­терге шұғыл стоматологиялық көмек (жіті ауырсыну), ауыруды басу, препараттау және химиялық қатайтудың композиттік материалдарынан жасалған пломба салу, ауыруды басатын тісті экстракциялау және т. б. түрі.
– Мысалы, адам демалыс немесе іссапар кезінде ауырып қалды. Оған елдің барлық аумағында неме­се тұрғылықты жерінде қажетті медици­налық көмек көрсетіледі ме?
– Шұғыл жағдайларда медициналық көмек бекітусіз және жолдамасыз көрсе­тіледі. 2020 жылдан бастап МӘМС пакеті шеңберінде медициналық қызметтер Қа­зақстанның барлық аумағында жоспарлы түрде көрсетіледі. Көрінетін медициналық ұйымдар міндетті түрде әлеуметтік медицина­лық қормен келісім-шартпен жұмыс атқаруы қажет.
– Азамат сақтандыру бойынша елден тыс жерде тегін емделе алады ма?
– Жоқ. Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қоры көрсетілген медициналық қызмет­терді тек ҚР аумағында төленім жасайды.
– Егер студенттер диплом алғаннан кейін жұмысқа орналаспаса, олар қалай болуы керек?
– Бұл жағдайда оқу орнын бітіргеннен кейін жас маман жұмыссыз ретінде тірке­луге немесе төлеуші ретінде жарна ауда­руға тиіс.
– Шетел азаматтарына меди­ци­налық көмек қалай қамтамасыз еті­леді?
– ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, сондай-ақ оралмандар МӘМС жүйесінде Қазақстан азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және міндеттерді атқарады. ҚР тұруға ықтиярхаты бар шетел­діктер мен азаматтығы жоқ адамдар емханаға тіркелуге тиіс.
– 2020 жылы МӘМС пакетін енгізе отырып, ЭКО қызметтері қолжетімді бола ма?
– Иә, ЭКО қызметтері ТМККК және МӘМС пакеттерінде қарастырылған.
– МӘМС жүйесінде тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету қарас­тырылған ба? Егер, дәрігер та­ғайын­даған препараттар болса, онда өтеуге болады ма?
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 88 “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі” бұйрығымен бекітілген ТМККК шеңберінде Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың, оның ішінде азаматтардың жекелеген санаттарының амбулаториялық деңгейдегі тізбесіне сәйкес. Тегін дәрі-дәрмек беру ре­цептілерін учаскелік дәрігер немесе айғақтар бойынша бейінді маман жазып береді. Нысанды толтыру үшін пациент же­ке куәлігін ұсынуы қажет. Бұдан әрі, дәрі-дәрмек беріледі. Мемлекет есебінен рецептісі бойынша белгілі бір дәріханада мекен жайы көрсетілген емханада тіркелген азамат ала алады.
– Әлеуметтік медициналық сақтан­дыру қоры халық жеке зертханаға жү­гін­ген кездегі анализдерге кеткен шығындарды төлейді ме?
– Тек қормен келісім-шарт жасаған ме­ке­ме болса, және анализдерге мін­детті түрде емхана, стационардың жолдама берілу арқылы, егерде қордың дерек­қорына енгізіп қойған мекеме болса, онда емхана жолдама беру арқылы емхана ұйымы арқылы қаржыландырады.
– Бір жыл ішінде медициналық ұйымдарға жүгінбейтін жұмыскер­лерге төленген аударымдар қайта­рылады ма?
– Жоқ, аударылған сомма басқа сақ­тандырылған азаматтарға, яғни меди­циналық қызметке мәжбүр болып тұрған­дардың шығындарын өтеуге жұмсалады.
– Жеке кәсіп қызметі тоқтатылған жағдайда МӘМС үшін ақша аудару ке­рек пе?
– ЖК қызметін тоқтата тұру кезінде азамат жеке кәсіпкер санатынан басқа тұлғалар санатына ауысады, олар 1 ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жарна төлейді. Егер бұрынғы немесе жұмыс істеп жүрген кәсіпкер халықтың жеңілдікті санаттарының тізіміне жататын болса, онда ол үшін жарналарды мемлекет 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап төлейді. Бұл жағдайда жеке кәсіпкердің өзі төлеуге міндетті емес.
– Үйден шықпай-ақ өзінің әлеу­меттік мәртебесін МӘМС жүйесінде қалай білуге болады?
– ҚР Электронды үкімет порталында азаматтар өз әлеуметтік мәртебесін тек­сере алады. Сайт­қа электрондық сандық қолтаңба арқы­лы кіруге болады. МӘМС бойынша мәлі­­­­­мет­тер “міндетті әлеуметтік медици­налық сақтандыру” жеке кабинетінің бет­белгісінде қолжетімді. Егер азамат ретінде тіркелмеген ЖК немесе қызметкердің, онда хабарлама шығады “Мәртебесі анықталған жоқ”. Сондай-ақ әлеуметтік мәртебені анық­тау кезінде әлеу­меттік медициналық сақтандыру жүйе­сіне ай сайынғы жарналар мен ауда­рымдарды кім жүргізетіні туралы ақпарат шығарылады.
“Тіркелген өзін-өзі жұмыспен қамты­ғандар”, яғни жеке кәсіпкер ретінде тір­кел­гендер, мәртебесі анықталған тұлғалар 2017 жылғы 1 шілдеден бастап МӘМС жарналарын өз бетінше төледі. Ай сайын ең төменгі жалақының екі еселенген мөлшерінен 5%. 2018-2019 жылдары ЖК өзі үшін жарна төлемейді, бірақ жұмыс берушілер ретінде өздерінің жалдамалы қызметкерлері үшін аударымдарды тө­леу­ді жалғастырады және ай сайынғы жарналар 2017 жылғы шілдеден бастап 1% - ды, 2018-2019 жылдары - 1,5% - ды, 2020 жылдан бастап-2% - ды құрады.
“Әлеуметтік төлемдерді алушы” және “18 жасқа дейінгі балалар” мәртебесі белгіленген адамдар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы жарналар мен аударымдарды 2020 жылдан бастап мемлекет төлейтін болады. Азаматтардың жеңілдікті санат­тарының толық тізімі fms.kz сайтта қолжетімді негізде көре аласыздар.
Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласып, сіз МӘМС қатысушысы болып табылатын құжатты ала аласыз.

Сұхбаттасқан
Е.БЕРКІНБАЕВ
11 маусым 2019 ж. 1 432 0