Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық қызмет сапасы артады

Медициналық қызмет сапасы артады


Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жос­па­рының 80 қадамын іске асыру мақсатында Мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2017 жылдың шілде айынан өз қызметін бастады. Жарғылық капиталына 100% мемлекет қатысатын, комерциялық емес АҚ болып құрылды.
Қордың негізгі нысанасы – аударымдар мен жарналарды шоғырландыру, медициналық көр­се­тілетін қызметтерді сатып алу және оларға ақы төлеуді жүзеге асыру болып табылады.
Денсаулық саласында «Міндетті әлеуметтік меди­циналық сақтандыру жүйесі» (МӘМС) ке­зең-кезеңмен енгізіледі. МӘМС жүйесі – мем­лекеттің, жұмыс берушілердің және аза­мат­тардың ортақ жауапкершілігі қағи­дасы­на не­гіз­делген.
2018 жылдан бастап ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет­терді сатып алу жұмыстары Қор арқылы жү­зеге асырылып отыр. 2019 жылдың басына деректер базасындағы МҰ саны 91 құрап, 2018 жылға қарағанда 11 жеке меншік МҰ-ға көбейді немесе 12% артқан.
– мемлекеттік мекемелер – 32 немесе 35%;
– жеке меншіктегі МҰ саны – 59 немесе 65% .
2019 жылға халықты тіркеу науқаны әдет­тегідей 2018 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында жүргізіліп, оған 20 БМСК ұйымы қатысып, 763 872 тұрғын тіркелді (2017 жылы тіркелген халық – 750 167). Науқанға қатысқан 20 МҰ-ның 7-ы (35%) жеке меншік МҰ оның ауыл деңгейінде орналасқаны – 2. Айта кететін жайт, өткен 2018 жылға қарағанда тіркелген халық саны – 13 705 адамға, яғни 2% өскені байқалады.
Қызылорда облысы бойынша 2018 жылдың басында сатып алу жоспары негізінде бөлінген қаржы 38 917,7 млн. теңгені құрады Оның ішінде БМСК – 17 081 736,0 мың теңге қара­жатты құрады.
Сатып алу жоспары бойынша 2019 жылға облысымызға 21 бағыттағы медициналық кө­мек­тің нысандары мен түрлері бойынша бөлінген қаржы – 42 135,7 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың нақтыланған бюджеті¬мен салыстырғанда – 3 218,0 млн. теңгеге, яғни 7,6% өскен.
2018 жылы филиал 67 медицицналық мекемемен 38 917,7 млн. теңгеге келісім-шартқа отырды. (30-мемлекеттік, 37-жеке клиникалар) Жеке клиникалардың саны жылдан-жылға артуда.
2019 жылы 74 медициналық ұйыммен 41 757 640,8 мың теңгеге 99 келісім шарт жасалды. Мұндағы 30 (41%) мемлекеттік МҰ 49 (49,5%) келісім-шарт жасалса, бюджеті – 37 798 127,4 мың теңге (90,5%), жеке нысандағы 44 (59%) МҰ 50 (50,5%) келісім-шарт жасалды, бюджеті – 3 959 513,4 мың теңге (9,5%). Биылғы 2019 жылы мемлекеттік тапсырыс орналастырылған медициналық ұйымдар саны 2018 жылмен салыстырғанда 7 мекемеге немесе 16%-ға өсті, олардың барлығы жеке меншік нысанындағы субъектілер. Мұнда айта кететін жағдай: БМСК ұйымдарының саны 2018 жылы 19 болса, 2019 жылы 1 қызмет берушіге артып, 20 медициналық ұйымда құрады. Ал стоматологиялық компаниялардың саны 2018 жылы 19 болса, 2019 жылы 4 компания қосылып, 23 ке жетті, оның ішінде 15-і (65%) жеке меншік нысанындағы мекеме. Барлық медициналық мекемелерді fms.kz. сайтында көре аласыздар.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлерімен жыл бойынша Қызылорда облысының медицина ұйым­­дарының қызметкерлеріне оқытылым, об­лыс тұрғындарына және кәсіпкерлерге Мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өзгерістер (әрі қарай - МӘМС) жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқытылым жұмыстарына жеке меди­циналық ұйымдар да қатыстырылды.
Осыған сәйкес, 569 кездесу (оның 273-і оқы­тылым, 296-кездесулер) өткізіліп, 326 материал БАҚ (оның 63-і телеарналарға, 263-газеттерге) жарияланды және 170 әлеуметтік желілер арқылы ақпараттар жарыққа шықты.
Филиалдың 2019 жылғы негізгі міндеттері:
– Проблемалық сұрақтарды шешу барысында Денсаулық сақтау басқармасымен тығыз қарым-қатынас қалыптастыру;
– Медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуде алдын-ала шаралар қолдану;
– медициналық қызметтің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуде аймақтың ба­сым­дылық берілген бағыттарын ескеру;
– Ақпараттық жүйелерге мәліметтердің дұ­рыс енгізілуін қадағалау.

Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры» КЕ АҚ Қызылорда
облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және
өтініштерді қарау жөніндегі бөлім
15 ақпан 2019 ж. 690 0