Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «DIAMOND SHOW» студенттік жастар балы жоғары деңгейде ұйымдастырылды

«DIAMOND SHOW» студенттік жастар балы жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Қызылорда облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастардың шығармашылығы мен мәдениетін дәріптейтін ерекше форматтағы «Diamond Show» студенттік балы өткізілді.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жастардың эстетикалық талғамын арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, ұлттық-рухани құндылықтарды насихаттау және жастар арасында достық пен бірлікті нығайту.

Салтанатты кешке облыстық жастар ұйымдарының жетекшілері, түрлі салада белсенділік танытып жүрген жастар, студенттер мен арнайы шақырылған мәртебелі қонақтар қатысты. Құрметті қонақ ретінде Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Мұхамедәліұлы Каюпов қатысып, студенттерге жүрекжарды құттықтауын жеткізді.

Би кешінде 5 жоғары оқу орнынан іріктелген 8 жұп арнайы дайындықтан өтіп, жұптық вальс биін сахнада орындады. Әр жұп өз оқу орнының намысын қорғап, жоғары деңгейдегі дайындықтарын паш етіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Жүлделі орын иегерлері
- І орын (50 000 теңге) — Әділбек & Сандуғаш жұбы (№2)
- ІІ орын (30 000 теңге) — Нұржігіт & Мөлдір жұбы (№4)
- ІІІ орын (20 000 теңге) — Дәулет & Дильназ жұбы (№3)
Сонымен қатар, кеш барысында ерекше көзге түскен қатысушыларға арнайы номинациялар табысталды. Атап айтқанда, «Тартымды жұп», «Ерекше жұп», «Жарасымды жұп», «Өнерлі жұп» және «Сүйкімді жұп» аталымдары бойынша үздіктер марапатталды.

«Diamond Show» жастар балы — студенттердің рухани дамуына, өнер мен мәдениетті бойына сіңіруіне, шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі ретінде жоғары деңгейде өтті. Шара соңы әсем әуен мен жастардың көңілді би кешіне ұласты.
24 қараша 2025 ж. 54 0