Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда

Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің Айфондарыңызды онлайн ұрлауда

Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасы  Құқықтық статистика және арнайы  есепке  алу жөніндегі  комитетінің  Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің ақпаратына  сәйкес  зиянкестер адамдарға Apple атынан  жалған табылған iPhone-ның  моделі,түсі  және  жадыныңкөлемі  көрсетілген жалған SMS немесе iMessage-ті, фишингтік  сілтемені қоса жалғай отырып, жолдайды, осылайша хабарламаның жалған еместігі туралы әсер туындайды.

Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.

Бұл  зиянкестергеiPhone-ның  қосылуын  құлыптаудыайналып  өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді.


Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі іс-шараларды ұстануды ұсынамыз:
- күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;
- жоғалған  құрылғының  құлыптауэкранында  байланыс  ақпаратын көрсету үшін бөлек электрондық поштаның мекенжайын пайдалануды;
- SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;
- құрылғыны тек icloud.com/find. арқылы тексеруді.
 Сақ болыңыздар, киберқауіпсіздік талаптарын сақтаңыздар.

 Фото:IPhone

24 қараша 2025 ж. 283 0