Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Денсаулық сақтаудың жаңа жүйесі түсіндірілді

Денсаулық сақтаудың жаңа жүйесі түсіндірілді

Әлеуметтік медициналық сақ­тан­­дыру қоры Қызылорда филиа­лының сарапшылары Қызылорда медици­налық жоғары колледжінің ұжымымен кездесті.
Қызылорда ме­ди­­­­ци­налық колледжі 1928 жылы Қазақ акушерлік техникумы ретінде құрылды. 1954 жылы медициналық училище болып қайта құрылды. 1996 жылы - Қызылорда медициналық колледжі. 2016 жылы медициналық жоғары колледж мәртебесіне ие болды. Мұнда 138 кәсіби педагог жұмыс істейді, олардың қатарында тәжірибелі дәрігерлер бар. Колледжде 1615 сту­дент білім алуда.
Биылғы жылы білім ордасында, мейірбике ісі, эпидемиология, стома­тология, фармация, зертханалық диаг­ностика және басқа да бейіндер бойын­ша 500-ге жуық жас маманға жолдама береді. Жас мамандар жаңа денсаулық сақтау жүйесі – МӘМС аясында еңбек жолын бастайды.
– 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) қаржылық операторы және медициналық қызметтер үшін бірыңғай төлеуші болды, – дейді сарапшылар. Барлық медициналық қызметтер екі пакет – МӘМС және ТМККК айнала­сында топтастырылған.
Кепілді пакетте – әлеуметтік маңыз­ды ауруларды емдеу (онкология, туберкулез, психиатрия), жедел жәр­дем, санавиация, алғашқы медици­налық-санитариялық, шұғыл, паллиа­тивтік көмек. МӘМС пакетінде жос­­­парлы диагностика мен емдеу қыз­мет­тері бар. Қор маман­дарының айтуынша, ТМККК еліміздің барлық азаматтарына арналған. Ал МӘМС пакетіне тек сақтандырылған азаматтар үшін көрсетіледі. Егер төлемдер үш айдан артық түспесе, МӘМС пакетіне құқығы болмайды.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына (fms.kz сай­тында азаматтардың жеңілдікті санаттарының тізімі) мемлекет өз тара­пынан жарналар төлейді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
03 мамыр 2019 ж. 941 0