Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Таңертеңнен жағымсыз жайтқа куә боласыз. Алайда сіз бұл мәселені тез арада шешіп, күнді жақсы өткізуге тырысасыз. Өзгелердің қолынан келмеген істі жасап, бұрын-соңды қолданылмаған тәжірибені қолданып, жұмыста жетістікке жетесіз.

Торпақ
Мазасыз, қарбалас күн. Проблемалар мен қиындықтардың бірінен соң біріне тап боласыз. Оларды шешу, қиындықтан жол табу оңайға соқпайды. Жолыңыз болмағанымен өз жоспарларыңыздан бас тартпайсыз. Бұл дұрыс шешім.

Егіздер
Бұл күнге маңызды істер жоспарламағаныңыз дұрыс. Өйткені барлығы сіз ойлағандай болмайды. Бастаған істі соңына дейін жеткізу қиын және көмек қолын созатын жандар да табылмайды. Серіктестермен тіл табысу да қиынға соғады.

Шаян
Асықпаңыз. Бүгін қателікке бой алдыуыңыз мүмкін. Сондықтан әрбір қадамыңызды аңдап басыңыз. Шешім шығармас бұрын мәселенің ақ қарасын анықтап, мол мағлұмат алуға тырысыңыз. Өзіңіз толық сенім арта алатын жанмен ақылдасыңыз.

Арыстан
Кез келген істе жетістікке жету үшін табандылық танытыңыз. Онсыз  сіз ешқандай табысқа жете алмайсыз. Бүгін орын алатын жағдайлар еңсеңізді түсіруі мүмкін. Бірақ сіз еш мойымайсыз. Уайымдамаңыз, сізге көмекке келетіндер табылатын болады.

Бикеш
Күніңіз жақсы басталады. Ешқандай жұмысты кейінге қалдырмаңыз. Таңертеңнен жұмысқа білек сыбана кіріссеңіз, түске қарай жұмыстың өнімділігін байқайтын боласыз. Мақсатқа жетудің дұрыс жолын таңдағаныңызды аңғарасыз.

Таразы
Қиындықтарды бір демде жеңу оңай емес. Бірақ оған бола салыңызды суға жіберудің қажеті жоқ. Жағымсыз ойлардан арылуға тырысыңыз. Сонда ғана жолыңыз болып, сәттілік серігіңізге айналатын болады.

Сарышаян
Өз ісіңізге ұқыпты болыңыз. Жұмысыңызды, күніңізді жоспарлап үйреніңіз. Басты мақсатыңызды айқындап, оған жетудің жолын қарастырыңыз. Кез келген іске жауапкершілікпен қарау, қателіктердің алдын алуға көмектеседі.

Мерген
Күніңіз қызықты өтеді. Бір істі бастап, оны аяқтамай, келесі іске тез көшіп кетесіз. Көбіне бір істі соңына дейін жеткізе алмайсыз. Егер іскерлік келіссөздер жүргізуді жоспарлаған болсаңыз, оған ден қойып дайындалғаныңыз жөн.

Тауешкі
Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын сәтті күн. Болашағы зор жобамен аналысуға, сол арқылы өзіңізді көрсетуге мүмкіндік туады. Іскерлік кездесулерге барасыз, онда сізге қызықты ұсыныстар түсетін болады. Шешімді асықпай ойланыңыз.

Суқұйғыш
Күніңіз жаман емесе. Барлық істі тез аяқтағыңыз келеді. Бірақ барлығы сіз ойлағандай бола бермейді. Жұмысыңызға өзгеріс енгізуді қаласаңыз, өзіңіздің тарапыңыздан ұсыныс жасау қажет екенін ескеріңіз.

kyzylorda-news.kz

Балықтар
Бүгінгі күн қызықты оқиғаларға толы күн. Сонымен қатар бұл күн күтпеген жерден орын алатын жайттарымен де естен қалатын болады. Сабырлық таныта біліңіз. Егер бірінен соң бірі орын алған жағдайларға алаңдаушылық білдіретін болсаңыз, оқиғалар шиеленісетін болады.

kyzylorda-news.kz
11 маусым 2019 ж. 511 0