БАСЫЛЫМ БЕРЕНСӨЗІМЕН БАҒАЛАНАДЫ
Көзі қарақты оқырманға республикалық ғылыми-көпшілік, рухани-танымдық «Нұр Жан» журналы жақсы таныс. Бірнеше жыл бұрын қазақ баспасөзінің қатарына қосылған басылым бүгінде ақпарат айдынында жаңа қырынан танылып үлгерді. Қазіргі таңда журналдың тұрақты оқырмандары қалыптасты.
Басылым беренсөзімен бағаланады десек, республикалық журналда халқымыздың тарихы мен мәдениетінен, тілі мен әдебиетінен, ұлттық ұстанымдары мен салт-дәстүрлерінен сыр шертетін мақалалар тұрақты түрде жарияланып келеді. Талғамы биік оқырманды тарихи, танымдық дүниелермен тәнті етіп, ой-өрісін жаңғыртып, жарқын өмірдің жаршысына айналған басылымда ел үшін қажырлы еңбек еткен тұлғалардың өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмыры да әсерлі айшықталуда. Сонымен бірге, ғылыми-көпшілік, рухани-танымдық журналдың қызметкерлері Елбасы бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асып жатқан тұста Сыр өңірінің жаһұт жәдігерлерін жарқырата насихаттап, руханият саласының дамуына, ақпараттық кеңістік арқылы кеңінен таралуына өзіндік үлесін қосуда.
Басылым – халықтың көңілдегі сөзі, кеудедегі көзі болғанда ғана, тынысы кеңейіп, таралымы артып, оқырманы көбейеді. Ал, халықтың денсаулығы, әлеуметтік әл-ауқаты, білімі, тарихы, мәдениеті мен әдебиетінің өзекті мәселелері жөнінде жазылған мақалалар тұрақты түрде жарияланып келе жатқан «Нұр Жан» журналы бүгінгі күні қалың оқыр¬манының рухани жансерігіне айналып отыр. Журналда жарияланған ғибратнамалардың жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуге, Отансүйгіштікке баулуға қосар үлесі өлшеусіз. Қайырымдылық, ізгілік, адамгершілік қасиеттерді насихаттап, мәнді де мағыналы мақалалармен, сүбелі сұхбаттармен, ерекше айдарлармен, тартымды дизайнмен таралып жатқан журнал алғашқы санынан бастап, оқырман асыға күтетін басылымға айналды. Бұл қажырлы еңбектің, үздіксіз ізденістің жемісі екені анық.
Журналдың бас редакторы – жоғары санатты дәрігер, Қазақстан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін» белгісінің иегері, «Нұржан Ишан Ата» қайырымдылық қоры» қоғамдық қорының президенті Амангелді Суханберлиев. Алтын қолды дәрігер ғана емес, қарымды қаламгерге айналған азаматтың игі бастамалардың басы-қасында жүретінін Сыр жұртшылығы жақсы біледі. Амангелді Суханберлиев басқаратын қоғамдық қордың әлеуметтік ахуалдары ауыр, кемтар-кембағалдарға, тағдыр соққысына ұшыраған жандарға қаржылай көмек қолын созып келе жатқаны бөлек әңгіме. Сондай-ақ, қоғамдық қор оқырмандармен тығыз байланысып, жыл сайын номинациялар жариялап, белсенді баспасөз жанашырларын «Ерен еңбегі үшін», «Мәртебе» төсбелгілерімен марапаттап, «Ұлттық символикалық мүсінше», «Дипломдар», «Алғыс хаттар», «Сертификаттармен» салтанатты түрде марапаттап келеді. «Нұр Жан» журналының басқа басылымдардан ерекшелегі – журналды оқығысы келетін, бірақ жанұялық жағдайы ауыр, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың тегін жазыла алу мүмкіндігіне ие болуында. Бұл да болса басылымның оқырман қауымға етене жақын екенінің айғағы.
Ақпарат айдынына қадам басып, алдына биік мақсат қойған «Нұр Жан» журналын оқуға шақырамын.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі