«Артериялық қан қысымыңызды бақылау маңызды
Артериялық гипертония қоғамдық денсаулық сақтау саласының ғаламдық мәселесі болып табылып, жүрек ауруы, инсульт пен бүйрек жеткіліксіздігіне себепші болады, сондай-ақ мезгілсіз өлім-жітім мен мүгедектікке ықпал етеді. Гипертонияны ерте анықтау, сәйкес ем қабылдау мен тиісті бақылау денсаулықты жақсартуды қамтамасыз етеді және экономикалық пайдалы, себебі гипертонияның асқынуын емдеу қымбат емді іске асырумен ұштасады. Гипертонияның алдын алуға келесі мінез-құлықтық қауіпті факторларды бақылау мүмкіндік береді, оған: тұзды және майлы тағам қабылдау, ас үлесінде жеткілікті мөлшерде жемістер мен көкөністердің болмауы, шылымқорлық, ішімдікті шамадан тыс тұтыну, дене белсенділігінің жеткіліксіздігі, жүрек-қантамыр аурулары, қант диабеті, созылмалы респираторлық аурулар және онкологиялық аурулар секілді қауіпті жұқпалы емес ауруларға шалдықтыратын маңызды мінез-құлықтық қауіпті факторлар болып табылатын күйзелісті бақылаудың жеткіліксіздігі болып табылады. Артериялық қан қысымының тұрақты жоғарылауы алғаш рет кез келген жаста анықталуы мүмкін. Артериялық гипертензия ересек адамдардың ғана ауруы емес, ол балалар мен жасөспірімдерде де жиі анықталады. Балада қан қысымының жоғары болуына аз қозғалысты өмір салты, фастфудты көп тұтыну ықпал етеді. Емдәм, сәйкес дене жүктемесі, қан қысымының көрсеткішін үнемі бақылаумен қоса уақытында кешенді ем қабылдауды бастау арқылы аурудың асқынуын айтарлықтай бәсеңдетуге болады.
Жоғары қан қысымының даму қаупін және оның қолайсыз салдарын азайту үшін әрбір адам төрт нақты қадам жасай алады:
1. Салауатты тамақтану:
салауатты өмір салтын ұстану және балалар мен жастардың дұрыс тамақтануына ерекше көңіл бөлу;
* тұзды тұтынуды күніне 5 г дейін азайту (бір шай қасықтан сәл аз);
* күніне жемістер мен көкөністердің бес бөлігін жеуге, 400 граммнан астам;
* қаныққан майларды тұтынуды және жалпы майларды тұтынуды азайту.
2. Алкогольді зиянды тұтынудан аулақ болу, яғни күніне бір стандартты алкоголь дозасын тұтынуға дейін шектеу және темекі тұтыну мен темекі өнімдерінің әсерін тоқтату.
3. Дене белсенділігімен айналысу:
* балалар мен жастардың дене белсенділігін үнемі қолдау және дене белсенділігін ынталандыру (кемінде күніне 30 минут));
* қалыпты салмақ ұстап тұру: әрбір 5 кг артық салмақ жоғалту систолалық қан қысымын 2-10 пунктке төмендетуге ықпал етуі мүмкін.
4. Медитация сияқты салауатты жолдармен стрессті басқару, тиісті дене жаттығуларын орындау және сіздің айналанызда оң қарым-қатынас орнату.
Г. Жаналиева,
ЖШС «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» Сырдария ауданы бойынша маманы.