Қазақстан қазақ тілінде сөйлейтін жасанды интеллект жүйесін әзірлеп жатыр

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.
Сондай-ақ ол "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесіне SKY атты ЖИ-ассистент енгізілуіне қатысты пікір білдірді.
Айтуынша, қазақ тіліндегі сапалы дыбыстық ЖИ жүйесін жасау – техникалық тұрғыдан мүмкін. Бірақ көп еңбекті, уақытты және айтарлықтай көлемдегі дыбыстық деректерді қажет ететін күрделі процесс.
Дұрыс сөйлейтін жүйе жасау – техникалық тұрғыдан мүмкін нәрсе. Ол үшін бізге уақыт пен әр аймақтың дыбыстық жазбалары қажет. Сонда ғана қазақ тіліндегі толыққанды дыбыстық тілдік модель жасай аламыз, – деді Дмитрий Мун.
Вице-министрдің мәлімдеуінше, қазақ тілінде сөйлей алатын жасанды интеллектті дамыту – ЖИ технологияларын ұлттық тіл мен мәдени контекстке бейімдеудің маңызды қадамына айналады.
Фото: Артем Чурсинов архив