Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» партиясы жанындағы партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысы өтті

«AMANAT» партиясы жанындағы партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысы өтті

Ақтөбе облысында «AMANAT» партиясы жанындағы партиялық бақылау комитетінің көшпелі отырысы өтті. Kyzylorda-news.kz

Онда партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру барысы талқыланды. 

Көшпелі отырысқа өңірден бейнебайланыс режимінде партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы, партиялық бақылау инспекторы Алтынбек Жарылқасынов,  облыстық экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары Дастан Баймаханов қатысты. 

Комитет отырысынан соң аймақтық комиссия мүшелері өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Жол карта орындалысына жасалған талдау бойынша биылға жоспарланған 110 тармақтың 32 пайызы нақты орындалған. Қалған тармақтар бойынша жұмыс істеліп жатыр. 

Орындалған жұмыстардың бірқатарын атап өтер болсақ, Қармақшы ауданының ІІІ-Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарында 2 спорт кешені салынды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3300 орындық 5 мектеп пайдалануға берілді. 2 елді мекен табиғи газға қосылса, «Жер аманаты» жобасы бойынша биылға жоспарланған 60,0 мың гектардың бүгінге 51 мың гектары қайтарылған.

Кеңес мүшелері қалған тармақтардың орындалысы төңірегінде ойларын ортаға салып, жұмыс барысына партиялық мониторингтерді күшейту қажеттігіне тоқталды.
23 қазан 2025 ж. 200 0