АСҚАР ТАУДЫҢ БИІК ШЫҢЫ
“Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын” дейді халық даналығы. Тектінің тұяғы, ел-халқына адал еңбек еткен жан туралы жазу жаныңды жадырататыны рас. Әкенің салған ізгі жолымен жүріп, өмір есігін ашып, соқпақты белестерді бағындырған ер азамат қашанда ел мақтанышы. Әсіресе, ол азаматтың жастық жігері мен жалынды еңбегі лайықты бағасын алып жатса, өміріңнің бекерден бекер өтпегені.
Менің кейіпкерім Абадолла Сейілов (аудан халқы бұл кісіні Абат деген есіммен біледі. авт) арды бәрінен биік қоятын нағыз ұлтжанды азамат. Оның өнегелі өмірі осыдан тура 71 жыл бұрын өріліп, марқұм әкесі Ұлы Отан соғысының мүгедегі Әшімхан мен Аралдың сұлуы Доланның тұңғышы болып жарық дүние есігін ашқанмен басталады. Әшімхан ақсақал жеті ағайындының ең үлкені ретінде қос інісі Орынбасар мен Жолдасбекті қасына ертіп Ақжарма ауылынан Тереңөзекке бір көшенің, бір ауласына қоныстанады. Шаруаға икемді әкенің ізгі арманы ұлының жақсы білім алып, үлкен оқу оқып, халқына қызмет ететін азамат тәрбиелеу болатын. Әкенің аманатын, соңындағы жалғыз қарындасының үкілі үмітін ақтау үшін оқуға зерек болған Абадолла мектепті үлгілі бітіріп, алыстағы Украинаға, Мелитополь қаласындағы ауылшаруашылық институтына оқуға түседі. Жас жігіттің мықты инженер болып, білікті маман атануына бойындағы қабілеті де себеп болды.
Отан алдындағы борышын Ресейде өтеп, қолына дипломын алған 26 жастағы маман елге келісімен шаруашылықта еңбек жолын бастап кетті. Қазіргі Н.Ілиясов ауылындағы кеңшарда инженер болып шыңдалып, тер төгіп, қалай төрт жылдың өткенін де білмей қалды. Еңбекте әбден ысылған жас инженер аудандағы “Сельхозтехника” мекемесінде бас инженер болып, жауапты қызметке жоғарылайды. Қызметті ауыстырғанмен, ауданның ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен азамат жұмысты қол күшінен жеңілдету үшін механикаландыруға көшіруге байланысты ізденіске түседі. Жұмыс десе алдына жан салмайтын маман ақыры мақсатына жетіп, ондай агрегатты ойлап табады.
– Алдыма қойған мақсатым қол күшімен атқаратын жұмысты азайтып, механикаландырылған агрегат құрастыру еді. Менің рационализатор, яғни өнертапқыш болуыма себепші болған да осы мақсатым болатын. Ақыры шаруашылықтың жұмысын жетілдіріп, ондай агрегат құрастырылды. Егін егудегі кейбір қиыншылықтар қол еңбегінен механикаға ауыстырылды, – дейді байырғы инженер.
Аграрлы аудан үшін тәжірибелі кадрлар қай кезде де керек. Абадолла ағаның тәжірибесі сол жылдары жаңадан құрылған кооперативтердің жұмысын ілгерілетуге де пайдасын тигізді. Аудандағы ет-сүт кооперативіне төраға болып бекітілген білікті басшы өндірісті ұлғайтуда күш-жігерін аямады. Қиындықтан қорықпайтын, қарамағындағыларға әркез қамқорлық танытатын қасиеті елге түскен ауыртпалық жылдарында көп көмегін тигізді. Сол үшін Абадолла ағаға жұрт осы күнге дейін құрметпен қарайды. Себебі, ел-халық талғажауға тамақ таппаған жылдары елді ауызбірлікке шақырып, өзі басшылық ететін мекеме жұмысшыларын бақша егуге жұмылдырды.
Аудан өмірінде Сырдария өзеніндегі пантон көпірінің қиындығын халық жақсы біледі. Көпірдің үздіксіз қызмет етуіне атсалысқан азаматтың бірі Абадолла Сейілов. “Тереңөзек жолдары” мекемесінің басшысы ретінде тәуліктің кез-келген уақытында пантоннан табылатын азаматтың еңбегі зор. “Барынша қарапайым басшы болғанын Абадолланың қақаған қыста дарияның арғы бетіне тізерлеп барып өткенін көзіміз көрді. Қауіпті сезе тұра, халықтың қамы үшін сондай әрекетке баруы ерлік дер едім” дейді сол жылдардағы әріптестерінің бірі Бақыт аға.
Иә, біздің бала кезімізде аудан үшін маңызы зор көпірдің қиындықпен салынатынын білетінбіз. Арғы беттегі ауылға баратын кезде талай рет қалқыма көпірдің үстінен өткенде, оның жұмысына жауапты азаматтардың еңбегіне риза болатынбыз. Жаз болса, қайықтар тізбектеліп, бір-біріне троспен бекітілген көпірдің үстімен өтсек, қыс айларында мұздың үстіне төселген көпірді көзіміз көрді. Ал, көктемде сең жүргенде кірпік қақпай күзететін жұмысшылар қайықтарды дер кезінде жинап алып, үлгіріп, сең өткен соң қайта құрастырып шығу күні-түні жүргеніне тұрғындар талай куә болды. Міне, ол заман өткен шаққа айналып, қиындық атаулы ұмыт бола бастады.
Өмірінің маңызды бөлігін ауыл шаруашылығына, басқа да сан-салаға арнаған Абадолла Сейіловтың қолтаңбасы су шаруашылығында да тайға таңба басқандай сайрап тұр. Оның осы мекемедегі еңбегі де талай мәрте өз жемісін берген-ді. Осындай тынымсыз еңбек, жауапты жұмыс азаматтың денсаулығына өз әсерін тигізбей қоймады. Зейнеткерлік жасқа жетер жетпес аға ауыр дертке шалдығып, бас-аяғы бірнеше жылда үш мәрте ота жасатты. Алланың қалауымен жарық дүниені көру бақыты бұйырып, дертті де жеңді. Жанына желеу болған отбасы мен туған туыстары бүгінде шүкірлік етеді. Өмірлік жары Әлия апай әуелі Алланың құдыретімен халықтың тілегі қабыл болғанына тәубе дейді. Білікті дәрігерлердің арқасында азаматы жанында. Өмірге әкелген ұл-қыздарының, немерелерінің тілеуін тілеп отырған ата мен әже әрбір атқан таңға риза.
Абадолла ағаның азаматтығы мен елге сіңірген қызметін жоғарыда аз-кем баяндадық. Ал, отбасы туралы айтпай кету мүмкін емес. Оның өзі бір ғанибет. Себебі ардақты азамат білімді де саналы, тәрбиелі ұрпақ тәрбиеледі. Үлкендері Нұргүл ғылым жолында, Алматыда Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетте кафедра меңгерушісі, доцент. Нұрлыбек білікті маман, инженер-жобалаушы. Қазір аудандағы оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшеде инженер. Айымкүл С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі. “Болашақ” бағдарламасы арқылы АҚШ-та білім алып, бүгінде Нұр-Сұлтанда Назарбаев университетінде оқытушы. Кенже қыз Әйгерім де С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін стоматолог-дәрігер мамандығы бойынша бітіріп, еңбек етуде. Талдықорғанда тұрмыста.
Ата-анасын бағып-қағып отырған қарашаңырақ иесі Нұрлыбектің келіншегі Индира да дәрігер. Берекесі мен бірлігі жарасқан отбасында немерелер өсіп келеді. Айтпақшы үйдегі кішкентай немеренің есімі Меймантай. Бұл есім Абат ағаның өміріне себепші болған әйгілі хирург Меймантай Кажеховтың құрметіне қойылғанын атасы мақтанышпен айтады.
Кеудесіне орден-медаль тақпаса да еңбегін халқы елеген азаматтың өмірі ұрпағына мың жылға азық болады. Біз оған сенеміз.

Бибісара ЖАНӘЛІ