Жұлдыздар не дейді?
Кез келген тапсырманы орындап, күніңіз жемісті өтеді. Жұмысқа белсене кірісуден еш қорықпаңыз. Сонымен қатар өз ойыңызды ашық айтудан еш қысылмаңыз. Достармен әңгімелесу жаныңызды жадырата түседі.
Торпақ
Бұл күн жақсылықпен басталады. Жаңа жобалармен жұмыс істеуді бастасаңыз болады. Олар сіз үшін табысты болмақ. Бірақ бұрын бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізуді ойлаңыз.
Егіздер
Қиындыққа тап болған жандарға көмектесуге әзірсіз. Тіпті қайырымдылық шараларында ұйымдастыруға атсалысасыз. Өзгелердің мәселесін ойлағанда өз басыңыздағы мәселенің түкке тұрғысыз екенін байқайсыз.
Шаян
Қарбалас күн. Өзгелердің өміріне араласуға тура келеді. Себебі қиындыққа тап болған жандарға сіз ғана көмек көрсете аласыз. Сонымен қатар бүгін жаңа жоба бойынша жұмыс жасайсыз.
Арыстан
Бойыңызда күш-қуатыңыз көп. Сондықтан жолыңызда кездескен кез келген кедергіні жоя аласыз. Алыс жол сапарға шығар болсаңыз жолыңыз болады. Бірақ айналаңыздағылармен тіл табысу қиындық туғызады.
Бикеш
Кез келген мәселені шешуге болатын күн. Сондай-ақ өз-өзіңізге туындатып алған мәселелерді де біржақты етесіз. Өз мүмкіндігіңізді аса бағаламаңыз. Көп істі тындыра аласыз, бірақ барлығын емес.
Таразы
Көп мәселелер туындайды. Бірақ олардың барлығы тез шешімін табады. Тек дұрыс бағыт таба білген жөн. Сонымен қатар бүгін сізді романтикалық таныстық күтіп тұр.
Сарышаян
Бүгін көңіл-күйіңіз жоқ. Үнемі сізден көмек сұрап жүретін, тек сізді кеңесіңізге құлақ түретін достарыңыз сіздің бұл түріңізді көріп, олардың да мазасы болмайды. Бірақ олар бұл жолы сізге көмектесуге тырысады.
Мерген
Бүгін сіздің өміріңізде өзгерістер орын алады. Өмірде алға қойған мақсаттарыңызға жете аласыз. Жасаған барлық іс-әрекеттеріңіз абыройыңызды арттырып, достығыңыз нығайып және іскерлік байланыстарыңыз күшейеді.
Тауешкі
Туған-туыспен жақын болуға тырысыңыз. Олармен кез келген мәселе турасында сөйлесуге болады. Сіздің арқаңызда бір-бірімен ұрыс-керісте жүрген жандар татуласуы мүмкін. Түстен кейін сізді тосын сый күтіп тұр.
Суқұйғыш
Жұмысыңызға алға басады. Бүгін қаражатқа байланысты мәселеде оң шешім шығара аласыз. Көп табыс табу үшін қандай істі қолға алу қажет екенін де білесіз. Ішкі түйсігіңіз қайсы ұсынысты қабыл алу қажет екенін айтады.
Балықтар
Жаныңыздағыларға көп талап қоймаңыз. Біреудің осал тұсын айтып, кикілжің тудырудың қажеті жоқ. Қарбалас сәттерде әзілқойлығыңыз көмектеседі. Отбасыңыздағы адамдар сіздің көмегіңізге зәру.
kyzylorda-news.kz