Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЕЛБАСЫ ҚАНДАЙ ҚҰРМЕТКЕ ДЕ ЛАЙЫҚТЫ

ЕЛБАСЫ ҚАНДАЙ ҚҰРМЕТКЕ ДЕ ЛАЙЫҚТЫ

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы шешім қабылданғанда қуанбаған жан кемде-кем шығар. Тіпті, Тәуелсіздік кезеңдеріндегі жарқын жетістіктерді, Елбасының еселі еңбегін ой елегінен өткізіп, көзіңе жас алғандардың да қарасы қалың болды. Бұл халықтың ақ пейілі, пәк ниеті.
Меніңше, Елбасы қандай құрметке де лайықты. Ата-бабамыз армандаған егемендікті нығайтып, көрші елдермен терезесі тең дәрежеге жеткізген жанды қалай құрметтесек те жарасады.
Елбасы болашақтың тізгінін ұстар жастарға көп сенім артты. Ендігі мақсат Елбасы айқындап берген бастамаларды бірлесе жүзеге асыру. Ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Тек бірлік, ынтымақ керек. Сол себепті, осындай тарихы кезеңде барлық азаматтарды елдің ертеңі үшін адал еңбек етуге шақырамын.
Ж.Сүлейменова,
"Алтын алқалы ана"
23 наурыз 2019 ж. 707 0