Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АНТ АТҚАН ЕКЕНСІҢ, ӨЗІҢ БІР

АНТ АТҚАН ЕКЕНСІҢ, ӨЗІҢ БІР

Шаруашылықтарда ол кезде өкілдер көп жіберілетін. Еттің, сүттің, жүннің, мал қыстату, төл алу, өзге де ауыл шаруашылығына тән жұмыстардың салалар бойынша жауапты қызметкерлер барып жататын, келіп жататын. Сол кездерде кейбір мекеме басшылары, жауапты қызметкерлер өз жұмыстарын сылтауратып, кешігіп қалатын, не бармай қалғанын естісе шақырып алып, сілкілеп-сілкілеп жіберетін. Сондай кездерде бірінші хатшы кінәлі коммунистке:
– Сен партияға өтердегі берген антыңды бұзып, аудан орталығында талтаңдап жүріп аласың, елге, үкіметке астық, ет, сүт, жүн керек. Сен партиямен салғыласқың, қалжыңдасқың келеді. Өзің бір ант атқан неме екенсің, – дейтін. Бетіне шыжғырып, кемшілігін басатын. Кемшілігін мойындағандар қайталамасқа уәделерін беріп жататын.

Б.ШЕРТАЕВ жазбасынан. 1994 жыл
20 наурыз 2019 ж. 637 0