Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МҰСЫЛМАН БОЛУ ӘСТЕ-ӘСТЕ...

МҰСЫЛМАН БОЛУ ӘСТЕ-ӘСТЕ...

1961 жылы жазда бюро шешіміне сәйкес ауданда әйелдердің актив жиналысы өтетін болып белгіленді. Шаруашылықтар мен мекемелерден 300-дей әйелдер мен келіншектер, қыздар шақырылып, аупарткомның бірінші хатшысы Н.Бердіқұлов, ауаткомның төрағасы Нұрғали Туршеков және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Б.Шертаев қатысты. Онда Б.Шертаев аудандық атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет істейді. Баяндаманы үшінші хатшы жасады. Жарыссөздер де бітіп, соңғы қорытынды сөз Н.Бердіқұловқа берілді. Нұрекең ә дегеннен қыздыра сөйлеп тұр. Бір кезде зал тола әйелдерге қарап:
– Мұсылман болу әсте-әсте, Кәпір болу бір пәсте, – деді де аңырып қалғандарға, күле бастағандарға «тыңдап алыңыздар» деді. – Мұсылман болудың жолы өте ауыр. Ол үшін отағасыларыңа таң сәріден тұрып, су жылытып берулерің керек. Ол құман алып іш дәрет алуы, бұдан соң жайнамаз жайып, бес уақыт намазын оқып, қаза жібермеуі керек. Бұл мұсылман болудың бір ғана жолы. Ал «біреуге иттің баласы» десең, дереу бір пәсте кәпір боласың да шығасың, – дегенде отырғандар күлкіден ауыздарын жия алмай қалды.


Б.ШЕРТАЕВ жазбасынан. 1994 жыл
20 наурыз 2019 ж. 1 847 0