Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең жауапсыз зодиак белгілері

Ең жауапсыз зодиак белгілері


Бірқатар зодиак белгілерінде жауапсыздық қасиеті бар. Олардың арасында сол кемшілігін түзеткісі келмейтін бесеуі бар. Олар:
Бесінші орын — Арыстандар
 
Жауапсыздықтан арыстандардың өздері зардап шексе де бұл әдеттерін тастамайды. Себебі оларға жаман әдеттерден арылу өте қиын. Олардың бұл әдеттен арылу үшін қастарында желкелеп отыратын адам болуы керек. Олар жиі кешігеді, уәделерін орындамайды. Әдейі емес, тек ұмытып кетеді.
 
Төртінші орын — Таразылар

Таразылар жағдай мүмкіндік беретін жерде жауапсыздыққа жол береді. Олар бәрі жақсы кезде, әлденені ұмыта салуға болатын жерде аянып қалмайды. Олар жалқау келеді.

Үшінші орын — Балықтар
 
Егер балықтардың жағдайы бала күнінде жақсы болып, ештеңеге бас ауыртпаса бұл кейін оның бойына сіңіп кетеді. Олар қу келеді. Себебі өздерінен құрбандықтың рөлін жасап шығарады. Олар жұмыс істегісі келмейді, кестемен жүргісі жоқ. Олар шығармашылыққа бейім, сондықтан да жауапкершілікті өзгелерге арта салғысы келіп тұрады.
 
Екінші орын  — Егіздер
 
Егіздерді тәрбиелеу мүмкін емес. Бірақ олар принципшіл болса және мақсаты болса сол мақсаттың жолында асқан жауапкершілік танытады. Олар сізбен әлденені ойластырып, бір апта бойы жоспарлап жүріп, ең соңында ойын өзгерте салуы мүмкін.

Бірінші орын — Шаян

Жауапсыздық мәселесінде олар егіздерге қатты ұқсайды. Оларды біліп болмайсыз. Құйын сияқты. Олар берген уәделерін ұмытып кетеді. Ұмытпас үшін үнемі естеріне салып отыру керек.
 
Дереккөз: Клубер
02 тамыз 2018 ж. 1 572 0