Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » КІРБАСЫҢ КІМ, КІРСІН...

КІРБАСЫҢ КІМ, КІРСІН...

1960 жылдың суық қысы, қаңтар айы еді. Әдет бойынша бірінші хатшының қабылдау бөлмесінде кезек күтушілер көп болатын. Қабылдау бөлмесіндегі қыз лып етіп ішке кірді де: – Сізге Кірбас деген кісі кіремін деп тұр, жұмысы өте тығыз екен, – деді. Сонда Нұрекең кабинетіндегілерге қарап:
– Алтынбасын көріп едік. Сарыбасын танитын едім. Кірбасын да көрейік, кірсін, – деді. Кірбас Сүндетбаев (марқұм) аупарткомға орталық партия комитетінен келген құпия пакетті қолма-қол тапсыруға әкеліп тұрған арнаулы байланыс қызметкері екен. Сәлем беріп, құпия пакет тапсырып жатқанда Н.Бердіқұлов Кірбасқа бұрылып:
– Талай-талай бастарды көріп едік, сені де көрдік. Кірбас болсаң, боларсың, – деді. Өзгелермен бірге Кірбас та күліп жіберді.
Б.ШЕРТАЕВ жазбасынан. 1994 жыл
17 наурыз 2019 ж. 1 208 0