Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Үндістанның мұсылман әйелдеріне ерлер футболын көруге тыйым салынды

Үндістанның мұсылман әйелдеріне ерлер футболын көруге тыйым салынды


Үндістанның Уттар-Прадеш штатында мұсылман қыздарға ерлер футболын көруге тыйым салды. Бұл туралы The Times of India хабарлады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ислам әлемінің ірі діни және академиялық орталықтарының муфтиі Атар Касми әйелдерге ер адамдардың футбол ойнын бақылауға болмайтынын мәлімдеген. Себебі бұл ислам талаптарына қайшы келеді-міс. Муфти тіпті теледидардағы футбол ойнын әйелдеріне көруге рұқсат беретін ер адамдарды сөккен. «Ар-ұяттан бездіңдер ме? Құдайдан қорықпайсыңдар ма? Әйелдерге футбол мачтарын көру неге керек? Футболды ер адамның сандарына қарап отыру үшін көре ме сонда?»,-деп муфти  өзінің қарсылығын білдірді.
Осыған қарамастан мұсылман әйелдердің құқығын қорғайтын белсенділер мұндай мәлімдемеге қарсы шықты. «Бұл - әйелдердің ешқандай да спорт түрін көруге болмайды деген сөз ғой»,-дейді олар.
«Қамшы» сілтейді
01 ақпан 2018 ж. 1 858 0