Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 ЖОБА ҚАТАРЫНДА МЕН ДЕ БАРМЫН

19 ЖОБА ҚАТАРЫНДА МЕН ДЕ БАРМЫН

2018 жылы ауданымызда «Zhas project» жас­тар корпусын дамыту жобасы жүзеге асырылды. Бұл жоба жастарға өз кәсібін ашуға үлкен мүмкіндік берді. Жоба барысында аудан тұрғындарына, яғни жобаның мақсаттық тобына байланысты 6 ай тегін қызмет көрсетілді. «ЖасПроджект» жобасы бойынша қайтарымсыз грант алу үшін аудан бойынша 42 жоба конкурсқа ұсынылып, 19 жоба грант иегері атанып, өз жұмыстарын жүргізді. 19 жоба қатарында мен де бармын. Жобамның атауы «FitMama»Ана мен бала» фитнес орталығы! 6 ай бойы 4 жұмыссыз жас­ты жұмыспен қамтыдым. Емхана қызметкерлерімен бірлесіп, Тереңөзек кенті орталығында тұратын қыз келіншектер мен жүкті және босанған әйелдерге арнайы кешенді бағдарлама қарастырылды яғни йога, фитнес, психологтармен кеңес алу және түрлі тренингтер ұйымдастырылып өткізілді. Барлығы 75 қыз-келіншектің өз денсаулығын жақсаруына септігін тигізді. Сырдария ауданы бойынша жеңімпаз атанған 19 жобаның 10-ы мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, өз кәсібін әрі қарай жалғастырады.
Осы жылы бізге яғни жастарға көп мүмкіндіктерге жол ашылып қолдауға ие болмақшы. Сондықтан ойымызға қандай идеялар келсе дамыту өзіміздің жастардың қолында. Өзімізді дамытуға, еңбек етуге талпынуымыз керек деп ойлаймын. Біз жастар Елбасымыз артқан сенімді ақтай алатын, бақытты өмірді бағалай білетін ұрпақ болуға міндеттіміз.


Динара Баджанова,
аудандық «Жастар ресурстық орталығының» маманы:
26 ақпан 2019 ж. 843 0