Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ - БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ,

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ - БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ,


Халық денсаулығы - баға жетпес байлық, мем­лекеттің қымбат қазынасы. Денсаулығы мықты адам ғана қоғамға лайықты қызмет етеді, оның гүлденуіне, экономикасының жақсаруына үлес қосады. Осы орайда, адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдап, «Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің» «Хирург» мамандығы бойынша аяқтадым. Еңбек жолымды өзімнің туып өскен Сырдария ауданынан бастадым. Қазіргі таңда аудандық аурухананың хирургия бөлімшесінің меңгерушісімін. Науқастарды сауықтыру және оның жағдайын жақсарту мақсатында емдік, хирургиялық ота жасап жүрмін.
Жас мамандарға берілген «Дипломмен — ауылға!» атты мүмкіндікті пайдалана отырып, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы жас мамандарды ынталандыру мақсатындағы мемлекет тарапынан көтерме ақысы мен баспана алуыма жеңілдетілген несиені алдым. Айтайын дегенім, ауданымызда жастар қауымы үшін барлық деңгейдегі жастарға мемлекет тарапынан қолдау көп. Рухани жаңғыру жолында Тәуелсіз Қазақстанның жастарының ойып тұрып орын алатын кезі туды. Қажетті білімді меңгерген жастарды берілген барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, ауылдың әлеуметтік дамуына үлес қосуға шақырамын!


Нұрсұлтан Сәдуов,
аудандық аурухананың дәрігер-хирургы:
21 ақпан 2019 ж. 1 343 0