Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Гамбургер мен чизбургер айырмашылығы

Гамбургер мен чизбургер айырмашылығы


Қазір әзір мәзіріне, яғни, жылдам даярланатын тағамдар орталығына барғанда бірі мәлім, бірі беймәлім түрлі ас атауы жазылып тұрады. Кейде олардың атауынан басқа айырмашылығын білмейміз. Суретіне қарап анықтайын десек, кей біреулерінде суреті де көрсетілмейді, тағам құрамы да жазылмайды. Гамбургер мен чизбургердің бір-бірінен айырмашылығы қандай?

Гамбургер — сэндвичтің бір түрі, бөлінген бөлке нанның ортасына қуырылған котлет салынып жасалады. Етпен бірге майонез, кетчуп, кәді тілімі, салат жапырағы, маринадталған қияр, қызанақ, қуырылған жуа секілді бірнеше дәмдеуіш қосылады.

Чизбургер — гамбургердің ерекшеленген түрі. Артықшылығы — аты айтып тұрғандай (чиз — cheese), құрамында міндетті түрде сыр болады. Чизбургерге көбінесе картоп фриі, жұмыртқа не салат салынады. Сыр қосылуына байланысты чизбургер бағасы гамбургер бағасынан артады, соған сәйкес тағамдық құндылығы да 20 % көбейеді.
21 қаңтар 2018 ж. 2 285 0