Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ВАТСАПТА ЖАТЫР БАРЛЫҚ СЫР

ВАТСАПТА ЖАТЫР БАРЛЫҚ СЫР

Қашанда тығыз байналанысқа негізделген ватсап желісінің тиімділігін дүйім ел болып көріп жүрміз. Бір-бірімізбен хат алмасу арқылы алысты жақындатуға себепкер атанамыз. Мұнда да арнайы топтың көмегі арқылы ұтымды істі ұйыстыра білу жолын қарастырамыз. Арада ортақ әңгіме желісі өрбіп, сырласу алаңына айналады. Көңілге қонымды бейне және аудио жазбаны сенімді байланыс орнатушы адамға емін-еркін жібере аламыз.
Осы ретте айтпағымыз ватсап желісін пайдаланушылар арасында жазылмаған заңдылық әрекеті ара-қатынасты тоқтатуға себепкер атанады. Мысалы адам жүйкесіне тиетін былапыт сөздің кері әсері бар. Өзге біреуден зерттелмеген ақпаратты жіберу арқылы вирус тудырушы хакер базасына еніп кету қаупі жиі айтылып жүр. Оның анық көрінісі «он адамға тарат сәттілік әкеледі», «жарнаманы досыңызға жіберген жағдайда сыйақы иеленесіз», «Акциядан құр қалмаңыз» – секілді сілтемеге өту арқылы телефонға вирус жүктеп аласыз. Келесі кезекте сіздің ватсап мекен-жайыңызға өздігінен толассыз ақпарат түсіп отырады. Қажетсіз ақпаратты дер кезінде тазалау ұтымды шешім.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
06 ақпан 2019 ж. 908 0