ЮТУБ ПЕН ОЙЫН – БАЛА ӘМІРШІСІ
Әсілінде үйдегі кішкентай балақайдың қолына ұялы телефонды берсеңіз алғашқы әрекеті ютуб желісі арқылы әртүрлі бейнебаян мен мультфильмді көруге құмартады. Бірақ, балаға қажетті дүниені табам дегенше көптеген адам ойын бұзатын бейнекөрініске көзіміз түседі. Қазіргі таңда ютуб желісі арқылы шетелдің анимациялық туындысын әрбір бала тамашалау мүмкіндігіне ие. Содан кейін сүйікті кейіпкеріне ұқсау үшін талай іс-қимылды жасуға талпынады. Ата-анасы жұмыстан келген мезетте алдымен оның телефонына жармасқан баланың психологиясындағы ауытқушылық адамдарды алаңдатуы тиіс. Денсаулығына кері әсірін тигізіп жатқан құрылғының зияндылығы жайлы айтылып жүр. Бұл, біріншіден, сағаттап тапжылмай телефонға телмірген баланың көру қабілеттілігін төмендетеді.
Кішкентай балақайдың келесі бір ермегі телефондағы кез-келген ойын екені айтпаса да түсінікті. Олар атыс-шабыс, төбелес, спорттық, логикалық, тағы да басқа ойынның қызығынан шыға алмайды. Осы тұста әлемнің технологиялық тұрғыда жетілген ойыны түрлі форматта қолжетімді. Тікелей бала психологиясына ықпалы зор ойыннан күйзеліске ұшыраған олардың өмірге деген көзқарасы басқаша өрбиді. Ата-ата тарапынан белгілі бір деңгейде тосқауыл қойылған жағдайда оның бойында жек көрушілік сезім пайда болды. Бұлардың кенет сабақ үлгірімі төмендеп, мінезінде ауытқушылық байқалады.
Ютуб желісіне жүктелген бейне өнімнің көптігі соншалықты адам өмірінің соңына дейін көріп тауыса алмайтындығы дәлелденген. Әрине бейнекөрініс, кино, сауықтыру бағытында демалыс сыйлайтын мәдени-ағартушылық секілді сан бағытта пайдасы жетерлік. Бір іске бармас бұрын күмәнді тұсын анықтау мақсатында өзге біреудің тәжірибесін көру ұтымдырақ. Сіз білмейтін, бірақ қажеттілігі зор тұрмыстағы әрбір пайдалы істің бейнелі сипатын ютуб желі арқылы таба аласыз.
Балтабай ОРДАБЕКОВ