Сұрау салттары
"Елден сұрасаң, екі көзің, терден сұрасаң, екі бүйірің шығады". Қазақ халқы осы сөзді тегін айтпаса керек. Халқымыз еңбек етпей, тер төкпей қайыр сұрауды – арсыздық, өліммен тең құбылыс ретінде бағалаған. Ал ел салтында өзгенің қуанышын өз қуанышындай көріп, сол қуаныштың иелерінен сүйінші сұрап, көрімдік алатын болған. Қазақ сөзіндегі сұрау салтына қатысты атауларды тізбелеп көрейік:
Сүйінші сұрау
Көрімдік сұрау
Байғазы сұрау
Қонақ кәде сұрау
Қоныс сұрау
Сарқыт сұрау
Бата сұрау
Бастаңғы сұрау
Қалау
Жылу сұрау
Қол сұрау
Бұйымтай сұрау
Ақыл сұрау
Қарыз сұрау
Сыр сұрау
Сауға сұрау
Қолқа салу
Кешірім сұрау
Құн сұрау
Жөн сұрау
Жол сұрау
Түйе мұрындық сұрау
Ашу сұрау
Араша сұрау
Теңдік сұрау
Телім сұрау
Емеурін сұрау
Көңіл сұрау