Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баланың кітап оқуға құмарлығын оятудың 10 әдісі

Баланың кітап оқуға құмарлығын оятудың 10 әдісі

Баланың дүниетанымын арттыру үшін не істеуіміз керек? Кітап оқытқан дұрыс. Дегенмен жас баланы кітап оқуға қалай үйреткеніміз дұрыс? Сәби кезінен баулу керек десек те, кейде біз көп нәрсені ескере бермейміз. Әсіресе, мектепке әлі бара қоймаған баланың кітапқа құлшынысын қалай оятамыз? Онымен қалай әңгімелесу керек? Нені оқытамыз? Нені қаперге алу керек?

1. Балаңызға ертегі кітап оқып беретін болсаңыз, алаңдамас үшін ең алдымен үйдегі теледидар мен компъютерді өшіріп қойыңыз. Сондай-ақ маңайдағы ойыншықтарды жинап, көзге көрінбейтін жерге қою керек.

2. Кітапты бір сарынмен оқудың еш қажеті жоқ. Мәнерлеп оқығанның көп пайдасы бар. Онда да баланың қызығушылығын ояту үшін дауысыңызды бірде жоғары көтеріп, төмендетіп, кейде жылдам, кейде баяу күйге түскеніңіз дұрыс. Бұл баланы жалықтырмайды, қайта қызығушылығын оятады.
  1. Жалпы түрлі-түсті суреті бар ертегі кітаппен жұмыс істеген дұрыс. Арасында балаңыздан суретте не бейнеленгенін өзіңіз де жиі сұрап тұрыңыз. «О, өте дұрыс айттың, жарайсың, менің балам өте ақылды ғой» деп мақтап, эмоцияңызды жиі білдіріп отырыңыз.
  2. Баланы сөйлетіп отыру оның сөздік қорын дамытатынын естен шығармаңыз.
  3. Безендірілген, тақырыптық кітаптың болғаны дұрыс. Бұл баланың қоршаған ортаға құмарлығын арттырады.
  4. Мұны белгілі бір уақытта жасаған дұрыс. Түсте, түнде ұйықтар алдында балаңызды жаныңызға алып кітап оқысаңыз, сәби оған да үйренеді. Мұны әдетке айналдырған абзал.
  5. Егер балаңыз кітап оқып, сурет салып беруге өтініш жасаса, оған бола ренжудің қажеті жоқ. Ерінбеңіз, айтқанын істеңіз.
  6. Балаға кітап оқып берудің өзі онымен ашық әңгімелесу екенін ұмытпаңыз. Арасында өлең жаттатып немесе ән айтқызып тұрсаңыз, бұл да жалықтырмайды.
  7. Баланың жады мықты. Оған кітаптағы кейбір сөз бен сөз тіркестері түсініксіз болуы ықтимал. Оны түсіндіріп беруге тырысыңыз. Сонда ғана оның сөздік қоры көбейіп, сөйлеу мәдениеті тереңдеп, дүниетанымы артады.
  8. Ең алдымен балаға кітапты мәжбүрлеп тыңдатудың керегі жоқ. Мұндай қадам оның білуге, үйренуге құлшынысын жояды. Сондықтан өз жасына сай, суреттері үлкен, мазмұны лайықты кітап оқып берген дұрыс. Сонымен қатар түрлі-түсті қарандашпен боялатын арнайы шағын кітапшалармен де жиі жұмыс істеткеннің пайдасы өте үлкен. www.qamshy.kz


29 қаңтар 2019 ж. 1 348 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 13:53
Cymbalta 30 Day Voucher Amoxicillin And Bruising What Is Keflex Drug Family viagra cialis levitra sample pack Cialis Achat En Ligne Canada Cialis Comprar Espana

Гость JeaOrer от 10 наурыз 2019 01:57
Sildenafil Et De Dapoxetine En Inde Cialis Viagra Assuefazione viagra Dove Comprare Cialis O Viagra