Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернет-дүкендер: Қалай алданып қалмау керек?

Интернет-дүкендер: Қалай алданып қалмау керек?


Қазақстандықтар интернет-дүкендерге жиі шағымдана бастаған. Тіпті зардап шеккендер арнайы топ құрып, өз құқықтарын қорғауға кіріскен. Тұтынушылардың айтуынша, оларға жеткізілген тауардың сапасы нашар немесе сатып алған тауарына қол жеткізе алмаған. Ал тауар ақысы толықтай төленген екен.  Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Астана қаласының 37 жастағы тұрғыны сайттардың біріндегі ұсынысқа қызығушылық танытқан. Мұнан кейін Роман тапсырыс берген. Бірақ ол танымал брендтің спорттық аяқ киімнің орнына сапасыз кроссовка алыпты.
«Тауарлар әртүрлі. Киімдерге де, түрлі техникаларға да тапсырыс берсеңіз, сапасы өзгеше тауар келеді», – дейді Астана тұрғыны Роман.
Ал қарағандылық құқық қорғаушы Павел Лопаревке бірнеше зардап шегуші белгілі порталдарға шағыммен жүгініпті. Мұнда да дәл осы жағдай, бірақ жеткізілген тауар мүлдем басқа. Заңгер өзіндік тәжірибе жасап, осындай сайттардың біріне тапсырыс берген. Бірақ виртуалды дүкеннен тауар келмеді.
«Әлеуметтік желілерде жарнама көп. Мұндай дүкендер жалпы саны алтау ғана. Олар Талдықорған қаласында орналасқан. Біз 100 зардап шеккен адаммен үнемі байланысып тұрамыз», – дейді заңгер Павел Лопарев.
Қазақстандықтар өз шағымын қалдыратын порталдарда дәл осындай интернет-дүкендерге шағым көп болып шықты. WhatsApp мобильді қосымшасындағы арнайы топта 100-ден аса адам бар.
«2017 жылы интернет арқылы жасалған 35 алаяқтық әрекет тіркелді. Олардың 17-сі ашылды. Адамдарға тексерілмеген тауар үшін ақша жібермеуге кеңес береміз», – дейді Алматы облысы ІІД өкілі Айдын Кенжебаев.
Көптеген адамдарда интернет-дүкендердегі жарнамалар мен бағаның төмендегі қызықтырады. Десе де олар тауар ақысын алдын ала төлеуін талап етеді. Заңгерлердің сөзінше, мұндай фактілерді сотта дәлелдеу қиын емес. Бірақ көбіне мұндай жаңдайлар сотқа дейін жетпейтін көрінеді. Зардап шеккендердің шағымы өңірден өңірге жіберілгенше, адамдардың әділдікті іздеуге төзімі жетпейді екен.
20 қаңтар 2018 ж. 1 235 0