Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ракты жеңген қыздың тағдыры: Көкшетау тұрғыны қызын құтқару үшін екінші баласын өмірге әкелді

Ракты жеңген қыздың тағдыры: Көкшетау тұрғыны қызын құтқару үшін екінші баласын өмірге әкелді

Көкшетаулық Жанель Байсеноваға ауыр диагноз қойылған. Бүгінде бәрі артта қалды. Батыл қыздың ерлігі мен ата-анасының қайсарлығы жөнінде оқи отырыңыз.

Жанельге миелодиспастикалық синдром – қанның әртүрлілік қатерлілігі диагнозы қойылды. Ол Қазақстандағы осы диагноз қойылған жалғаз бала. Оның емі де елде жоқ.

Айнагүл қызы Наргиздің әпкесін құтқару үшін өмірге келгенін айтты. Әлі тумаған баланың қан торымен бөлісіп, әпкесін құтқаруы тиіс еді.

“Біз донорды екі жыл күттік. Әлемде екі адам бар деді. Бірі Израильде, бірі Польшада тұрады. Кейін бала туып, оның сүйек тінін алуға кеңес берді. Әкесінің тіні тек жарты пайызға лайық болды”, – дейді анасы.

Наргиздің өмірге келуіне екі ай уақыт қалғанда дәрігерлер уақытты созбау керектігін айтады.

“Егер ертерек ота жасалмаса, қызымыздан айырылатынымызды айтты. Жүктіліктің алтыншы айы еді. Құдайға жалбарынумен болдым. Бізді құтқарғанын білем. Түрік емханасында қызымды туа сала бірден хирургтер алып кетті”, – дейді анасы.

Анасы Айнагүл мешітке барып құдайға жалбарынғанын айтты.

“Анам шашымның жаман екенін, түсіп қалғанда барлық ауруды алып кететінін айтты. Жаңа шаш шыққанда бәрі жақсы болады деді”, – дейді қызы.

Көпшілік бұл отбасыға көмектесті. Жиналған жарты млн теңге донор әкенің ұшып келуіне, Түркияда біраз уақыт тұруына жұмсалды.

“Қызымызға тамақ тауып бере алмай қалған кездер болды. Түркияда Ахмед есімді жігітпен таныстым. Фирмасы бар екен. Гранат пен жүзіп ағашынан отын жасадық”, – дейді Жомарт.

Бүгінде Бейсеновтар отбасының баспанасы жоқ. Биліктегілер үн қатып, көмектессе дейді. Жанель үйден оқып жатыр. Тезірек мектепке барып, жақсы оқығысы келеді. Екі ай сайын анасымен бірге анализ тапсырады. Қазір көрсеткіш жақсы. Бұл донорлық торлардың дұрыс жұмыс істеп жатқанын білдіреді.

Әкесі мен анасы осы көрсеткішке жеткеніне әлі де көз тиіп қалмаса екен дейді. Олар үміт үзбесе, бәрі жақсы болатынын сендіруге тырысты. Бастысы – қасыңда жақындарың болса дейді.

stan.kz
24 қаңтар 2019 ж. 546 0