Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мектеп директорлары мен меңгерушілердің жалақысын көтеруге тырысамыз – министр

Мектеп директорлары мен меңгерушілердің жалақысын көтеруге тырысамыз – министр

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мектеп директорлары мен меңгерушілердің жалақысын 30% өсіруге уәде етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Мектеп директорлары мен меңгерушілері «біз шетте қалып қойдық» деп жатыр. Олармен бірге әдістемешілер де... Алдын ала есеп бойынша барлығы қамтылды, дегенмен бізде категориялар өте көп. Уақыт тығыз болғандықтан Қаржы министрлігімен бірге «алдымен мұғалімдердің айлығын өсірсек» деген шешімге келдік. Себебі бұл мәселе қиындап кеткен болатын. Біз енді мектеп директорлары мен меңгерушілердің жалақысын көтеруге тырысамыз», - деді Ерлан Сағадиев. Егер бұл мүмкін болмаса министр әкімдерге шығатынын айтты.
«Бұл - жаңа бастама. Негізгі сома республикалық бюджеттен бөлініп келді. Ал жергілікті әкімдер үшін бұл сондай көп ақша емес. Елімізде 7 мың директор мен меңгеруші бар болса, әр облыста 500-600 адамнан. Мен әкімдерге «олардың да жалақысын 30% көбейтуге тырысыңыздар» деп айтамын. Мұнымен өзім айналысамын. Ал әдістемешілерге қатысты бұл мәселені жайлап шешетін боламыз», - деді ол.
17 қаңтар 2018 ж. 1 573 0