СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
"1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні" мерекесіне орай бүгін облыс орталығы Қызылорда қаласында Сырдария ауданының ұйымдастыруымен ауылшаруашылығы өнімдерінің жəрмеңкесі өтті.
Жəрмеңкеде ауылшаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 15-20% арзан бағада сатылды.
Сырдариялық өнімдерге қала жұртшылығының сұранысы жоғары болды.
Жəрмеңкеден арзан өнім алып, ұйымдастырушыларға шынайы ризашылығын білдерген қызылордалықтардың көңіл-күйі жоғары.
Айта кету керек, жəрмеңкеге келушілер үшін аудан өнерпаздары əннен шашу шашып, өз өнерлерін көрсетті.
Жалпы, үстіміздегі жылы аудан бойынша 32 200 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде жаздық бидай 500 га, мақсары 325 га, сүрлем жүгері 10 га, жаңа жоңышқа 2906 га, ескі жоңышқа 6765 га, картоп, көкөніс, бақша 820 гектарды құрайды. Ал, негізгі дақыл күріштің көлемі 20874 гектар.
Сырдария ауданы əкімінің баспасөз қызметі.