Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйел бақыты

Әйел бақыты


Әйел затының нәзік жаратылысы мен болмысы тым нәзік. Алайда әйел бақытын сіз сезініп жүрсіз бе? Ия осы мезетте сіздің ойыңызға ер азаматыңыз есіңізге түседі. Оған деген көзқарасыңыз, ойыңыз, ренішіңізде бар шығар. Нағыз әйел бақытын сезінетін нәзік жандарда аз болар. Еріңізден сізде жан жылулығын көңіл бөлуін күтетін боларсыз.
 
Ендеше төмендегі кеңеске құлақ түріңіздер:
  • Әйел бақытын сезінгіңіз келсе өзіңіден бастаңыз,өзіңізге көңіл бөліңіз.
  • Ер азаматтың олақтығы табиғатынан.Сізге сыйлық жасамаса көңіл бөлмеуге тырысыңыз.Сұраншақтап сыйлық жаса деп айтпаңыз.
  • Ер азаматқа бастапқыда өз сезіміңізді білдірмеуге тырысыңыз.Соңы алдамшы махаббатқа апаруы да мүмкін.
  • Кездесіп жүрген ер азаматыңыз болса,сізге хабарласпаса сізде хабарласпаңыз.Сүйер жігіт сен дегенде іздейтін жігіт, деген сөзді біліетін боларсыздар.
  • Ер азаматыңыз сізге көңіл бөлмесе сіз одан көңіліңізді үзіңіз.Егерде үйленбей тұрып кездесіп жүрсеңіздер.
  • Бала пайда болған сәтте сізде,ер азаматыңызда өзгере бастайды.Неге?Өйткені ортақ бақытыңыз сіздің балаңыз емес пе.
  • Өзіңізге үнемі жақсы сөздер айтыңыз,жақсы әуен тыңдаңыз.
  • Әйел затының көзі үнемі жылтырға түседі,қатты қызығушылыққа бармаңыз.
  • Өнеріңіз болса жасырмауға тырысыңыз.
  • Егер ерлі-зайыптылар бастары қосылғанша бір-бірінің құлқын,әдеттері мен мінездерін біліп алмаса,некенің бақытты болуы мүмкін емес.
  • Үйленбеген болсаңыз осы сөзге ойланыңыз.
  • Нағыз әйел бақыты сүйген жаныңызға үйленіп отбасын құрып, сәби алып келсеңіз нағыз бақыт сол емес пе.
  • Әйел адам сүйген жанына қосылса да,бақытты болмауы да мүмкін.Тек бақыт кілті өз қолдарыңызда.
  • Бақыттың да өз бағдаршамы болады,бірде тоқтайсыз,бірде соңына дейін күтесіз,бірде сол бақытпен бірге жолға шығасыз.
  • Әйел бақытына  жетелейтін ұлы күш махаббат.
 
 
Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы
25 қараша 2018 ж. 1 051 0