Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бір жылда Қазақстан халқының саны 237 мың адамға өсті

Бір жылда Қазақстан халқының саны 237 мың адамға өсті


Қазақстан халқының саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Статистика комитетіндегілердің мәліметінше, 2018 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша еліміздегі халық саны 18 миллион 334 мың 300 адамға жеткен. Соның ішінде қалалықтар - 10 597,2 мың (57,8 пайыз) және ауылдықтар - 7 737,1 мың адамды (42,2 пайыз). "2017 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда халық саны 237,4 мың адамға немесе 1,3 пайызға өсті. Ең көп өсім республикалық маңызы бар қалаларда: Шымкент қаласы (67 429 адам), Алматы қаласы (55 139 адам) және Астана қаласында (40 113 адам) тіркелді", - деді комитеттегілер.
16 қараша 2018 ж. 1 431 0