Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР БОЙЫНАН ҚАНДАЙ МЕКЕН ӨТПЕДІ

СЫР БОЙЫНАН ҚАНДАЙ МЕКЕН ӨТПЕДІ


Сөздерімнің ешқандай жоқ бекері.
Бұл өңірдің тарихына үңілсең
Бір заманғы дінбасылар мекені.

Қожа Ахмет бабаменен замандас
Меркүланға халқым зиярат етеді.
Бақсайс қожа, Дуана мен Қорасан,
Шын сыйынған мүддесіне жетеді.

Сыр бойында Мақтым Сейіт баба бар,
Тарыққандар әдейі түнеп кетеді.
Айтылып жүрген әулиелерден аңыз бар
Бабалардың кереметті екені.

Айқожа ишан Қалжан ақын бастаған
Көп әулие Қызыл құмның етегі.
Басапа ишан, Қансейіт ақын дегендер
Асыра сілтеу құрбаны болды кешегі.

Қасиетті кісілерден айырған
Біз жырлаған замананың кеселі.
Көзін көрген аталардан естідік
Кереметті кісілер болған деседі.

Ұрпақтарың бостандық алды бабалар,
Жауларыңның соқпай қалды есебі.
Білесіңдер бір Алладан бұйрықсыз
Үрлегенге шырағың неге өшеді.
Желеп-жебеп жүргей-дағы әруағым
Үстем болғай ұрпағыңның меселі.

Бүгін мен ерекше бір қуанамын,
Бірінші жұртпен басты құрағаным.
Бабаның жұртпен бірге басына кеп,
Қол жайып, бағышталды дұғаларым.

Бүгін мен ерекше бір қуанамын,
Қуанбай жұртым қалай тұра аламын.
Бабамның елмен бірге басына кеп
Еріксіз қуанғаннан жылағаным.

Қуанғаннан жыладым, шыдамадым,
Алладан емес пе бұл сұрағаным.
Жоғалғаным табылып жетпіс жылда
Орнына келіп жатыр құлағаным.

Жүзден бірі тимеуші ед сыбағамның,
Басқа жұрт алушы еді ұнағанын.
Бабаларым алысып ала алмаған.
Бүгін мен иемдендім мұраларын.

Қанша екені белгісіз күнәларым,
Бар екенін айта алмай бір Алланың.
Бүгін мен емін-еркін азан айттым
Басына шығып алып мұнараның.

Қуанамын жұртым-ау қуанамын,
Қуануды білмесем қуарамын.
Осындай бір бабаны бір заманда
Туғаны қандай бақыт бір ананың.

Жүзімнің жасым жуды жыраларын,
Алла деп ішімнен леп шығарамын.
Пайғамбарға салауат, Аллаға сәнә еттім,
Құранның оқып тұрып дұғаларын.

Заметдин ИБАДУЛЛАЕВ,
айтыскер ақын
10 қараша 2018 ж. 975 0