Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰС – ТАБЫСТЫҢ КӨЗІ

ҚҰС – ТАБЫСТЫҢ КӨЗІ


Жаңақорғандағы Ақүйек ауылының жастары «Zhas projekt» жобасы арқылы 4 жоба жеңіп алған болатын. Соның бірі – «Құстай қанаттан» деп аталады. Әлім Әлменов менторлық жасаған жобаның мақсаты отандық өнімнің керегесін кеңейтіп, құс шаруашылығын ілгерілету.
– Бұл жобаны таңдаудағы мақсат үндік еті адам денсаулығына өте пайдалы. Еті құнарлы, әрі өте тез көтеріледі. Енді 6 ай бойы мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағынан аз қамтылған 12 отбасыны үндік етімен қамтамасыз ететін боламыз. Сондай-ақ, 30 оқушыны үндік бағуға тәрбиелеу мақсатында жұмыс жасап жатырмыз. Топ құрамында Айбек Әбусейітұлы, Ақбота Мырзахмет және Қуаныш Серікбайұлы сынды жастар бар, – деді топ жетекшісі Жадыра Оспанова.
Расында, үйрек етінде адам ағзасына керекті дәрумендер өте көп. Бір жағынан бұл құстардың өсуі жылдам екен. Яғни, жеті апта ішінде тәуліктік балапанның тірі салмағы 60 реттей жоғарылап, 3-3,5 келі болады. Еті тәтті, нәзік талшықты, дәнекер ұлпа аз. Бұлшық ет құрамында 20 пайызға дейін толық құнды ақзат болс, етінің майлылығы 30-40 пайызды құрайды.
Берекелі Бірлікте құс шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Үйрек, тауық бағытына енді үндік өсіру ісі қосылды. Келер жылы ақүйіктік жастар қаз бен бөдене өсіруді де қолға алып көрмек.
24 қазан 2018 ж. 788 0