Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

№ 66 газет

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ҚОС МАМАНДЫҚ ИЕСІ

ҚОС МАМАНДЫҚ ИЕСІ


Сәкен ауылының орталығында «Меруерт» атты шаштараз бар. Оның иесі осы ауылдың тұрғыны Света Байымбетова. Жеке кәсіпкердің негізгі мамандығы мұғалім болса да қазіргі заман талабын түсінген ол қосымша мамандықты игеріп, бұл жолда табысқа жетуге талпыныс танытуда.
Ауылдан шаштараз салонының ашылғанына бір жылдай уақыт болыпты. Бағасы да қол жетімді. Ер адамдардың шашын қию 300 теңге. Сонымен қатар макияж және маникюр жасалады. Макияжға той кезінде сұраныс көбейетін көрінеді. Қазіргі заманғы сәнмен шаш қиятын үш машинкасы бар. Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі болғандықтан күту залы талапқа сай безендірілген. Шаш алатын орын бөлек, күту залы бөлек. Жұмыс барысында тазалыққа айрықша мән береді. Бөлмелерді хлорлайтын, залалсыздандыратын аппараттары бар. – Сұраныс кәсіпті дамытады. Бұл нарықтың заңы. Той кезінде макияжға сұраныс кө­бей­­­еді. Ауылдан ғана емес, көрші ауылдардан, аудан орталығынан келетіндер көп. Шаш алдыратындары да сондай, тұрақты тұтынушыларым бар, – дейді Света.
«Ерінбей еңбек еткенге бақыт басын иеді» дейді халық даналығы. Сол айтқандай, Светаның келешекте кәсібін өрістетіп, табыс биігінен көрінсе дейміз.
ШаҺарбек НҰРСЕЙІТОВ
18 қазан 2018 ж. 2 463 0