Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕШ

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН КЕШ


Кенттің «Достық» үйінде орналасқан №1 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен «Қарт­тарым, аман сау жүрші» атты тақырыптық кеш өтті. Оған кент ардагерлері, әлеуметтік қызметкерлер және «Нұр бөбек» бала бақшасының тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері қатысты.
Кешті кітапханашы Л.Серікбаева ашып, жүргізді.
Мұнан соң «Нұр бөбек» балабақшасының ортаңғы топ тәрбиеленушілері кешке қатысушы ата-әжелерге арнап тақпақ пен өлеңдерді мәнерлеп айтып берді. Олар: Бағжан Төремұрат, Әсем Сансызбаева, Батырхан Олжабаев, Ақерке Әбілқасымова, Әлинұр Марат, Кәусар Ерболқызы, Ермахан Русланұлы, Кәусәр Шәкімжан және т.б. Кеште аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы мен «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ұ.Жанәлиева кішкентай бүлдіршіндерге ризашылығын білдіріп, кештің тартымды өткенін атап өтті.
Кеш соңында кітапханашы Қарттар күніне орай жасалған «Қарты бар үй – қазыналы» атты кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттерге шолу жасады.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ
09 қазан 2018 ж. 1 002 0