Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

№93 газет

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖЕТІКӨЛДЕ КӘСІП КӨП

ЖЕТІКӨЛДЕ КӘСІП КӨП


Жетікөл – аядай ғана ауыл. Ауданның солтүстік-шығысындағы елді мекенде 700-ден аса тұрғын тұрады. Халық саны аз болғанымен мұнда өз ісін дөңгелетіп, кәсібінен несібе тауып отырғандар қатары жетерлік. Ауылда анау айтқандай үлкен шаруашылық жоқ, егін де егілмейді. Дегенмен, жетікөлдіктер қалаға жақын орналасқан соң қалалықтар мен ауыл халқы қажеттілігін қамтуға әр түрлі бағытта кәсіппен айналысуда.
Облыста кәсіпкерлікті жаппай қол­дау жылы 3 жылға созылғаннан соң аудан көлемінде жүйелі істер жасалуда. Соның шеңберінде Жетікөл ауылында мемлекеттік бағдарламалар арқылы өз кәсібін бастағандар бар. Бүгінде ауыл халқы мал шаруашылығымен айналысып, ет-сүт бағытында жұмыс жасауда.
Жалпы, қазіргі таңда ел­ді мекенде 71 кәсіпкерлік суб­ъек­ті тіркелген. Оның ішін­де, 51-і жұмыс жасап тұр. Биыл­ғы жылдың есепті кезе­ңінде 4 кәсіпкер тіркеліп, өз ісін бас­таған. Атап айтқанда, осы жылы жетікөлдіктер сауда-саттық, мал шаруа­шылығы, тігіншілік бағыттағы кәсіпке ден қойған.
2018 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының екінші бағыты бойынша 1 жоба қаржыландырылған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы Досбол Ералиев 4 млн. теңге қаржыға ірі қара мал алған. Оның басын көбейтіп, бордақылау ісіне қызу кірісіп кеткен. Осындай жұмысты ауыл тұрғыны Минуар Абизов та қолға алмақшы. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының субсидиялау тетігі бойынша мал басын көбейтуге 10 млн. теңгеге жоба әзірлеуде. Бұл тұрғыда, Марат Қожахметов, Қайрат Смедиев, Ердәулет Әбдіғаниев және Күлмария Үсенова да несие алуға құжаттар дайындап, кезекте тұр.
«Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ ЖШС арқылы 1 млн. теңгеге 1 жоба мақұлданған. Бұл бойынша кәсіпкер А.Досанғазы жылыжай ашуға жұмыс жасауда. Негізі, орталықтың бақылаушы кеңесі аудан бойынша құны 265,5 млн. теңгенің 87 жобасын мақұлдаған. Осының ішінде Жетікөл ауылы аудан көрсеткішінің 3,4 пайызын құрап отыр. Ал грантқа қатысты «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына 7 жоба ұсынылып, соның 3-і қаржыландырылған. «Бизнес бастау», «Бизнес кеңесші» курстарын 11 тұрғын оқып, сертификатқа ие болған.


 Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
25 қыркүйек 2018 ж. 1 245 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 09:23
Farmacia Online Propecia Sale Amoxicillin Upper Respiratory Tract Infection viagra Cialis Generic Soft Tabs

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 10:31
Glucophage Metformin Online Medicans Cialis Y Colesterol canadian pharmacy cialis Combitic Global Caplet Cialis Genrico Canada Propecia Itchy