Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨТКЕН КҮННІҢ БЕЛГІСІНДЕЙ

ӨТКЕН КҮННІҢ БЕЛГІСІНДЕЙ


«Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» – дейді қазақы бір мәтел. Жұмабай Байзақұлы кезінде шаруашылық жүйесін басқарған әкімдік қызметтің тізгінін ұстаған білікті басшы. Сөйте жүріп өрнекті ой, өрелі сөзден алыс кеткен жоқ. Қазір де сол әуестігімен қолына қалам алып, ел, жер тарихын зерттеп,құнды жәдігерлер, тарихи тұлғалар хақында жиі жазып жүр. Жұмекеңнің авторлығымен шығармаларда есеп жоқ. Жақында Жұмекеңнің қаламынан туындаған тағы бір тың дүние кітап болып шықты. Кітаптың аты «Дала мен Бала...». Кітапта Бесарық ауылында өмір сүрген еңбек адамдары суреттеледі. Олардың еңбегі, тұрмыстіршілігі кітаптың негізгі арқауы. Кеңестік өкімет тұсындағы осы өңірде мал шаруашылығын дамытудың өнегелі үрдістері сөз етілген кітапта Асановтар әулетінің кейінгіге өнеге боларлық өмірі, сонымен бірге қилы тағдырларды тоғыстырған дәуір шындығы шынайы суреттелген.
Өткен күндердің белгісіндей осы кітаптан көпшілік оқырман көп тағылым алады деп ойлаймыз.

С.СҰЛТАНҚЫЗЫ
18 қыркүйек 2018 ж. 782 0