Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАЛАНТТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН

ТАЛАНТТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН


Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында келешекке сеніммен қарайтын «өз уақытын аямай, бала бақытын аялайтын» ұстаздар қауымына өткеннің бүгінге өнеге болар тұстарын бағамдап көрсете біледі. Қалың бұқараға ұлттық бірегейлікті сақтау негіздері нақты көрсетіліп, ойы озық, көкірек көзі кең саналы азаматтардың мүддесін дөп басқаны айдан анық. «Дәуір даналарын ілестіреді, ұстаз білімділікті үлестіреді» деген даналардың ойлы пікірі ұрпағымыздың жаңалыққа ілесіп, әлемдік деңгейге көтерілуі үлкен өмір талабы екендігіне тоқтам жасаған.
Ұлт көшбасшысы көздеген бағыттарға сәйкес болу, міндет үдесінен шыға білу – қоғамның даму кілтінің негізгі темірқазығы саналатын ұстаздар қауымының борышы.
Әрине, жаңа Қазақстан болашағының кілті жас­ тар қолында екені даусыз. Үлкендердің үкілі үмітімен ел болашағының өркендеуіне бей – жай қарамайтын саналы жастардың білім мен өнерге нық қадам басқанына қуанамыз.
«Талаптың мініп тұлпарын» демекші, №37 мектеп – лицейінің талабы таудай, өнерге ден қойған, әдебиетті жа- нындай жақсы көріп сүйетін 10 сынып оқушысы Темірлан Мүсілімов еңбектерін мақтанышпен айтуға болады.
Темірлан өзіндік ерекшеліктерімен білімге ұмтылып, үздіксіз ізденуінің арқасында, биіктерден көрініп жүр.
Өлең – жырға, өнерге деген ынта – ықыласы жас кезінен бастау алған, оқушы мектеп қабырғасында жүріп-ақ қанаты қатая түсті. Бесінші сыныптан бастап – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін ұстазы Марияш Аусымбае- ва бұл қабілетті әр қарай дамытуды қолға алды. Өз кәсібінің шебері – Марияш апай әр сабағын шығармашылықпен өткізетін, шәкірт бойындағы дарынды, талантты тани білетін қасиетімен ерекшеленетін жоғары санатты ұстаз. Бала бейімі мен өнерге ынтасын тез байқап, дүбірлі додаға қоса білген ұстаз еңбегі текке кеткен жоқ. Шәкірттің бір – екі жыл көлеміндегі жетістіктеріне саралай қарап, зер салайықшы. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі мен «Жастар әлемі» балалар мен жасөспірімдер байқауының «Көркем сөз» айдары бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Арнайы дипломмен, бағалы сыйлыққа ие болып, мерейі үстем болған. Бұл өнер додасында Темірлан Абай атамыздың «Ескендір» дастанын толық жатқа айтып, көрермендерді риза еткен еді.
Осы жылы «Жарқын болашақ» VIII республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде «Сөз шеберлері» конкурсы бойынша жүлделі үшінші орынға ие болып, облыстық білім басқармасының дипломымен марапатталды. Жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасындағы XVIII облыстық Абай оқуларының «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бөлімі бойын- ша ерекше қабілетімен дараланғаны үшін екінші орын тұғырынан көрініп, облыстық білім басқармасының дипломын алды.
«Рухани жаңғыру» аясында 2017 жылы аудандық білім бөлімі өткізген үш тілді білім беруді дамыту мақсатындағы «Абай оқулары» байқауында Ұлы Абайдың шығармаларын үш тілде меңгеріп, дәріптеген Темірланға арнайы екінші дәрежелі диплом берілді.
Міне, содан бері мектепішілік, аудандық және облыстық мәнерлеп оқуға қатысып, өнерін шыңдаған Темірлан мектептегі түрлі деңгейдегі шараларды жүргізуші ретінде танымал. Мектеп – лицей өміріндегі қоғамдық істердің ұйытқысы, мерейі үстем шәкіртіміз жақында Алматы қаласынан үлкен қуанышпен оралды.
«Майра» продюсерлік орталығының ди- ректоры, ҚР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Майра Ілиясованың ұйымдастыруымен қазақтың ақиық ақын қызы Фариза Оңғарсынованың құрметіне «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты республикалық ақын өлеңдерін оқу және өлеңдеріне жазылған әндер байқауы өткізілген болатын. Бұл үлкен до- дада екі өнер түрінен 314 үміткер бақ сы- нады. Өнерлерін ортаға салды. «Жүйріктен, жүйрік озар жарысқанда» демекші, талап- кер біздің шәкіртіміз Темірлан Мүсілімов «Көркем сөз» бөлімі бойынша 63 оқушының ішінен жүлделі үшінші орын тұғырына көтерілді. Темірлан ақынның «Ертоқым» атты өлеңін өз деңгейінде жатқа мәнерлеп оқып, әділқазылар мен көрермендерді өнерімен тәнті етті. Жанашыр ұстазы Марияш апайдың үкілі үміті ақталды. Темірлан байқаудың арнайы дип­ ломымен марапатталды. Өзінің қабілетін шыңдап, деңгейін сара- лады. Көп нәрсені көңілге түйді, болашағына сабақ алды.
Ал, шәкірттің ұлағатты ұстазы Марияш Аусымбаева орталықтың жас ұрпақты өнерге баулып, са- лауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін Алғыс хаты мен арнайы сертификатына ие болды.
Темірлан спортқа да бейім. Мектептегі баскетбол командасының белді мүшесі. Гитараға, домбыраға қосылып ән салатын өнері де бар.
Темірланды өлеңге, өнерге, сабаққа – бәріне уақыт жеткізіп, реттейтін де, тілеуін тілеуші мектептегі бас­ тауыш сынып мұғалімі қызметіндегі ана- сы Бақыткүл. Бақыткүл ұстаздық жұмысын да, отбасына да, бала тәрбиесіне де уақыт таба білетін, бәріне үлгіретін санасы сер- гек, қимылы ширақ, өнерге бейім жан. Тәрбиелі де, көрегенді отбасынан тәлім – тәрбие алған Темірланның мінезі салмақты инабатты. Мұның бәрі елге сыйлы, көшелі ата Мүсілім мен әжесі Жадыраның ұлағатты сөздерін тыңдап өскеннің әсері деуге болады.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді дана халқымыз. Бала бойындағы жылт еткен ұшқынды байқап, жалынға айналдыру ата – ана мен ұстаздың парызы. Өнерді серік етуге ден қойған Темірлан. «Болашақта актер болсам, телехабардың жүргізушісі бол- сам» деген арман ойы бар.
Биікке құлаш ұрған өрімдей жастың нұрлы арманына, асқақ мұратына жетуіне қазірдің өзінде толық негіз қаланды. Оны шәкірт бойындағы табиғи таланты дәлелдеп отыр. Шәкіртіміздің үлкен өмір белестерінде сенімі ақталып, ұлы өнер жолындағы жеңістерге жете беруіне тілектеспіз.
Нағыман ӘЙТЕНОВ,
газеттің штаттан тыс тілшісі
30 желтоқсан 2017 ж. 1 189 0