Неліктен еврей балалары дана болады?
Әр ата-ана «баланы қалай тәрбиелеу керек?» деген сұраққа жауап іздейді. Баланы қалайша тәуелсіз, бірегей, мақсатты және жинақы етіп тәрбиелеуге болады? Бала тәрбиесі – ауыр да үздіксіз еңбек екенін бәріміз де білеміз. Сондай-ақ, бала біреуге қарап еліктейтіні айдан анық. Сондықтан да, ата-аналар бала үшін ең бірінші «модель» болады. 1. Баланың бойында комплекс тудырмау керек Еврей анасы ешқашан да баласына “Сен жамансың!” деп айтпайды, еврей анасы былай деп айтады: “Сен секілді жақсы бала қалай ғана бұл жаман істі жасады екен!”. Еврей аналарының ұстанымы мынандай: “Менің баламда еш кемшіліктер жоқ және олардың болуы да мүмкін емес!”. Мүмкін олар кемшіліктерді көріп те тұрған болар, алайда оны олар ешкімге де тіс жарып айтпайды. 2. Ақылмен ерік беру Бүгінгі еврей тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі нәрседен тұрады: балаға ерік беру және қатал талаптар қою. Бұл стилді сипаттайтын метафора мынау: іші бос, алайда қабырғалары қатты нәрседен жасалынған кең бөлме. Еврейдің үйінде балалар ойына келгенін жасайды, әке-шешесінің басына шығады. Алайда әкесінің паспортын анасының 100 доллар тұратын помадасымен бояу – балаға ренішпен қараудың себебі емес. Еврей ата-анасы үшін баланың еркіндігі арнайы «тәрбие әдісі» емес, еркіндік – баланың тыныс алатын ауасы іспетті. Ал қатал тәрбие бала рұқсат етілгеннің ауқымынан тыс шығып кеткенде басталады. Еврей жанұясында анасының қымбат әтірсуын мысықтың үстіне құйған әбестік емес, алайда әжесіне сөз қайтару – бұл өрескел, тыйым салынған әрекет екендігі түсінікті нәрсе. 3. Баланы мақтаудың кез келген мүмкіншілігін пайдалану Анасы әр кезде өз баласын мақтайды. Бұл мадақтау баланың шыр етіп жерге түскенінен басталады. Еврей анасы баласының тіпті болмашы табыстары мен жетістіктеріне қуанады: Мейлі бір жаңа буынға тілі келсе де немесе шимайланған алғашқы сурет салса да. Бұл туралы анасы өзінің барлық достары мен жақындарына да айтады, өйткені мұның ең басты мақсаты мынада: Бала өзін елдің алдында мақтап жатқандығын көруі керек. Ал баласының жетістіктері шынымен де мақтауға тұрарлық болса, онда ұзақ қол шапалақтау мен отбасы мүшелерінің барлығының да көп мақтау айтуын күту керек. Егерде біз баланың бойындағы барлық жақсы қасиеттерін, тіпті құртақандайларын да байқап жүруге өзімізді үйретсек, оларды әр оңтайлы кезде мақтасақ, онда бұл әрекетіміз баламыздың мінез-құлқын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Балаларымыздың жақсылыққа деген ұмтылысын нығайту үшін оларға өз достарымызға қалайша балаларымызды мақтап жатқанымызды «білдіртпей», абайсызда, кездейсоқ болған секілді қылып естірту керек. 4. Өз іс-әрекеттеріңе деген жауапкершіліктің жоғары деңгейі Еврейлер балаға айтылған әрбір сөз (мейлі ол тіпті асығыста айтылса да), баланың көзінше жасалған әрбір әрекет (мейлі ол тіпті болмашы болсын) түзетуге болмайтын өзгерістерге алып келетіндігіне сенеді. Сондықтан да олар балаларына үлгі болу және әр сөзі мен әрекетіне асқан жауапкершілікпен қарау арқылы өз балаларын бағыттайды. 5. Жанұядағы махаббат пен сыйластық – баланың психикалық салауаттылығының кепілі Еврей дәстүрі кез келген жанұяның негізін күйеуі мен әйелі, яғни әке мен ана құрайды деп түсіндіреді. Сондықтан да кішкене күндерінен бастап балаларды шешенің әкеге және әкенің шешеге деген қамқорлығы бірінші орында тұратындығына үйрету керек. Егер бала өз әке-шешесінің ең алдымен бір-бірі үшін өмір сүріп жатқандығын бойына сіңірсе, олардың өзара қарым-қатынасы сыйластық, махаббат пен қамқорлықтан тұратындығына көзі жетсе, онда бала өзінің қорғанышта болатындығын сезінеді. Бұған қоса ата-анасының мұндай қарым-қатынасы – еліктеуге тұрарлық тамаша үлгі. Дәл осындай қарым-қатынасты бала есейгенде өз жанұясында құруға тырысады. 6. Әке мен ана болуға үйрену Ата-ананың тәрбиесі баланың дүниеге келуінен де ертеректе басталады. Қыз бала тұрмысқа шыққанда ана болуға дайын болады, өйткені оны «өзің үшін өмір сүр» деп үйретпейді, «сенің басты қызметің – үй мен отбасы» деп үйретеді. Егерде жас жұбайлар «әзірше бала табуды ойламайық: карьера жасап, жетістіктерге жеткеннен кейін ғана ана мен әке болайық, әзірше бағымызды байламайық» деген түсінікті қабылдаса, онда оларға жақсы баланы тәрбиелеу қиынға соғады. Бәріміз де күшті қайда жұмсасақ, сол жақтан өнім алатындығымызды жақсы білеміз. Өмірде табысты, өздігімен өмір сүре білетін, екі аяғында нық тұратын балаларды тәрбиелеу мақсатында еврейдің ғұламалары мықты тәрбие жүйесін құрған. Бұл жүйемен кез келген адам ата-аналардың арнайы курстарында таныса алады. Осы секілді курстар әлемнің көптеген қалаларында синагогалар мен еврей мектептері жанында бар. Табысты тәрбиелеудің бірінші ережесі мынау: балаңа жақсы тәрбие бергің келсе, онда алдымен өзіңді тәрбиеле, үйрен, “ана және әйел”, “әке және күйеу” деген кәсіптерді иемден. 7. Балаларды өз уақытын дұрыс жұмсауды үйрету Еврей балалары жалқаулық пен бос сенделу, көше қыдыру дегенді білмейді: скрипка, ағылшын тілі, математика – барлығы да бір мезгілде және аз-аздап жүзеге асырылады. Балалар кішкене кезінен бастап «Ылғи да қолдың бос болмауы – дұрыс нәрсе» деген ойға үйренеді.