ҚАҚПАНШЫ РҮСТЕМ
Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылының тұрғыны Рүстем Кенжасариевтің қақпан құрып, қасқырды тірідей ұстағаны туралы хабарлаған болатынбыз. Міне, тағы да осыған ұқсас жаңалық, бұ жолы қақпаншы Сырдария бойындағы қасқыр ізіне қақпан салып, тағы бір түз тағысын қолға түсірді.
– Өз тәжірибемнен білетінім, қасқыр бір орнында тұрмайды, үздіксіз жортады да жүреді. Әрине, жолай кездескен құрбандығын олжалай жүріп, қаскөйлігін жалғастырады. Жыртқыштың жортуылы кез келген жаққа шапқылау емес, үлк- е-е-н шеңбер аралығында өтеді.
Сол өзінің ойша сызған сызығы ішінде айналады, бір ізіне қайта түсу үшін бірер апта уақыт өтуі де мүмкін. Ал оның сырына қаныққан қақпаншы сол шаманы болжап, соңына түседі. Бұ жолғы менің аңғарпуымша, қасқырлар тоғай арасына қарай ойысқан секілді көрінген, мен қақпанды сол маңға жыртқыштың өтеді-ау, деген жолына құрдым. Сәті түсті, қақпаным қанды болды, соған қуанып жүрмін,– дейді Рүстем.
Айта кетейік, қандөздік қақпаншы өзінің 15 жасар ұлы Бексұлтанды осы өнерге баулып жүр. Қақпандағы тірі қасқырдың желкесінен ұстаған да осы бала!

Н.ЕЛТАЙ,
https://syr-media.kz/