Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «КӨКТЕМ ЛЕБІ» СУРЕТ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ

«КӨКТЕМ ЛЕБІ» СУРЕТ КӨРМЕСІ ӨТУДЕ


Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында және ару қала Астананың 20, Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойлары қарсанында 20 наурыз бен 2 сәуір аралығында «Көктем лебі» атты Қызылорда қаласының жас суретшілер көрмесі ұйымдастырылуда.
    Көрмеге Қызылорда облысының жас суретшілері – Рүстем Әлжан, Дәулет Тойшыбаев, Жадыра Палымбетова, Дулат Айтбаев және Нұрлан Мажихановтардың қолынан шыққан 60-тан астам кескіндемелік шығармалары қойылды.
    Сыр бойындағы бейнелеу өнерінің ерекшелігі – халықтың рухани дәстүрлерімен байланысты үзбеуінде, стилистикалық өзгешелігінде, бояулар көрінісінің құрылымдық жүйесінде. Сыр суретшілеріне символизм мен жалпылылық, колориттік шешімінің ерекше белсенділігі мен ширақтығы тән.
    Бүгінде көрмені қала тұрғындары мен қала қонақтары тамашалауда.Айта кетейік, көрменің ашылу салтанатында жас суретшілерге Қазақстан Суретшілер Одағының мүше болғанын растайтын күәлік тапсырылды.
27 наурыз 2018 ж. 1 468 0