Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қайрат Нұртастың қыздары сериалға түсіп жатыр

Қайрат Нұртастың қыздары сериалға түсіп жатыр

Соңғы кездері түрік пен үндінің шым-шытырық хикаялары ұлттық арналарды жаулап алғандай. Алайда, отандық арналарда көрсетіліп жүрген отандық телехикаялар да аз емес. Күн сайын саны да, сапасы да артып келеді.
Кезекті телесериалдың атауы – «Қарлығаш ұя салғанда» деп аталады. Аталмыш туындының продюсері білікті журналист Гүлнұр Мамасарипова ханым.

Отандық арналардың бірі арқылы көрерменге көрсетілетін хикаяның басты кейіпкерлері де танымал жұлдыздар.

Көрермен көзайымына айналған актер Еркебұлан Дайыров пен Жандос Айбасовты жаңа образда көре аласыздар. Ал, басты рөлдегі келіншектің рөлін сомдау бақыты әнші, тележүргізуші, актриса Кәмшат Жолдыбаеваға бұйырған.

Бәрін айт та, бірін айт. Бұл телехикаядағы кішкентай ханшайымдардың рөлінің бірін Қайрат пен Жұлдыздың екінші қыздары Алау ойнайды. Бұған дейін отанасы өзінің парақшасында тұңғышы Сезімнің фортепианоға жақын екендігін, Нарұлдың әнге әуестігін, одан бөлек ұл – қыздарының модель ретінде подиумда жүріп өткен видеоларын жүктеген еді.

Ал, отбасындағы жаңа жұлдыздың қадамына продюсер әжесі дән риза. Бұл тұрғыда Гүлзира Үсенқызы: «Мен немерелерімнің әр қадамын қолдаймын. Немеренің әр қылығы тәтті, әр өнері ыстық қой. Бастысы, құлындарымды Алла тіл-көзден сақтасын деп тілеймін. Бағасын уақыты келгенде көрермен өзі берер. Ал, өз басым Алауымның алғырлығына еш күмән келтірмеймін. Керемет ойнап, шығармашылық топтың да, ата-анасының да, біздің де, көрерменнің де үмітін ақтайды деп сенемін», - деп өз ойын білдірді.

Бізде жұлдыздар шоғырланған телехикаяның жұлдызы жарық болады деп сенеміз.

Дереккөз: comode
01 тамыз 2018 ж. 1 538 0