Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ƏУЛИЕ САЙ МЕН ҚОС КЕМПІР

ƏУЛИЕ САЙ МЕН ҚОС КЕМПІР

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бір бөлігі туған жерді қадірлеуге арналған. Соның бірі – еліміздің киелі де, қасиетті орындарын құрметтеу. Олардың тарихы мен тағылымын бүгінгі жас ұрпақтың бойына сіңіру. «Тарихыңды білмей, болашағыңды болжай алмайсың» деген бабалар сөзі бар.
Тақуа тарих беттерін ақтарсаңыз, қазақ халқының басынан не қиындық өтпеді десеңізші?! Сол тарихтың тыңы бар, бірақ дəлелі аздау дүние туралы жазбақпын. Шиелі ауданы, Қосүйеңкі ауылынан бірнеше шақырымда Əулие сай, Қос кемпір аталатын жер бар. Əрине, ол біз айтып жүрген жұмбақ жауһарлары бар Сауысқандық аталған тарихи орыннан алыс емес. Бұл атаулардың сыры қандай? Аңыз ба, шындық па? Соңына дейін оқып көріңіздер!
Ауыл ақсақалдарының əңгімесінің желісі бойынша:

ƏУЛИЕ САЙ – мұнда жер астынан мөлдіреп шыққан бұлақ бар. Тау мен сырға өткен малшылар басына тоқтап суын ішіп, құран оқып кетеді. Ондағы ағашқа өздерінің тілегін айтып орамалын байлайдды. Иə, расыменде солай. Сонымен қатар, кезінде ағын суды теріс ағысқа қайтарған əулие болған деседі. Аңыз бойынша, мұнда əулие кісінің егістік алқабы болыпты. Оны бір күні басқыншылар жерінен қуып, егістігін алып қоймақшы болады. Содан қатты налығандықтан, "ТАС БОЛ" деп қарғапты. Барлық егін тасқа айналған. Қарап отырсаңыз тау беткейіндегі тастың барлығы "жұмыр" əр түрлі жеміс-жидектерге ұқсайды. Сонан соң ƏУЛИЕ САЙ аталып кеткен-ді. Меніңше, бұл – тарихи орын.

ҚОС КЕМПІР
Ел басына күн туып, халық үдере көшті. Бұл қай кезең? Əрине, ашаршылық жылдары. Қазақ халқы туған жерін тастап, шет елдерге кетуге мəжбүр болды. Бас сауғалап, қайда барарын білмесе де бидайды талғажау етіп керуендер кете барды. Сол кезеңдерде жолда жарамай, əріге жүре алмаған жандарды амалының жоғынан жолға тастап кете барды. Міне, сол секілді Қос кемпір аталған орында, екі ақ жаулықты ананы бір-біріне қаратып отырғызыпты. Содан бері осылай аталыпты.
Байыптап қарасаңыз, аймағымызда мұндай атаулар мен киелі орындар жеткілікті. Мен жай ғана бір парасын жаздым. Алдағы уақытта толыққанды зерттеу ойымда бар.
М.ӘШІРАПБАЕВА,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың студенті
30 шілде 2018 ж. 1 090 0