Ресми құжаттарды қалай апостильдеуге болады?

Апостиль қою рәсімінің мақсаты-Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын түпнұсқалығы мен құжаттарға апостиль қоюды тиісті түрде рәсімдеуді қамтамасыз ету.
1961 жылы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады.
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ (ХҚКО) филиалына келу немесе "электрондық үкімет" веб-порталының онлайн-қызметі арқылы өтінім беру қажет.
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу тапсырыс беру ХҚКО-да апостильдеуге өтінім беру кезінде өзіңізбен бірге келесі құжаттар болуы керек: жеке куәлік немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат, мемлекеттік баждың әрбір апостильденген құжат үшін 0,5 АЕК-тің (3932) мөлшерінде әр құжат үшін 1966 теңге түбіртегі; апостильделетін құжаттың түпнұсқасы, нотариалды куәландырылған сенімхат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда); көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. ауысқанын растайтын құжаттың көшірмесі (егер ауысым 2008 жылға дейін болса).
Онлайн-өтінім беру кезінде сіз оған апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын құжаттың; көрсетілетін қызметті алушының
Т. А. Ә. (егер ауысым 2008 жылға дейін болған болса) ауысымын растайтын құжаттың сканерленген көшірмелерін қоса беруіңіз керек, сол жерде әрбір апостиль қойылған құжат үшін 0,5 АЕК мемлекеттік баж төлеп, өтінімге өзінің ЭЦҚ-мен қол қоюы керек, содан кейін 1 жұмыс күні ішінде сіз өтінімді өңдеу туралы хабарлама аласыз.
Хабарламада белгіленген күні ҚР Сот әкімшілігіне немесе оның облыстардағы, астанадағы және Республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелеріне өзімен бірге мынадай құжаттарды: жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен, электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) және апостильденетін құжаттың түпнұсқасын алып бару қажет.
Фото: ашық дереккөз
Дархан КҮЗЕРБАЕВ,
Сырдария аудандық
соты әкімшісінің жетекші маманы