Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№14 газет

22 ақпан 2025 ж.

№13 газет

18 ақпан 2025 ж.

№12 газет

15 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
» » «Вакцинацияның тиімділігі» тақырыбында брифинг өтті

«Вакцинацияның тиімділігі» тақырыбында брифинг өтті

Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен «Вакцинацияның тиімділігі» тақырыбында брифинг өтті. Брифингті басқарма басшысы Самалбек Өмірбаев өткізді. Брифингке сала мамандары мен БАҚ өкілі қатысты.

Адам өз өмірі және денсаулығы үшін міндетті түрде вакцинациядан өтіп тұруы қажет. Вакцинацияның маңыздылығын бірнеше жыл бұрынғы COVID вирусы көрсетіп кетті десек те болады. Міне осы тақырып бойынша басқарма басшысы вакцинацияның пайдасын тізіп айтып түсіндірді.

Вакцинацияның пайдасы туралы

• Вакцинация аурулардан қорғайды, адам өмірін сақтайды және денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепілі болып табылады.

• Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация екпе алған адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғауға мүмкіндік береді.

• Вакцинация ғана полиомиелит ауруын 99% төмендетуге мүмкіндік берді.

• Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация жатыр мойны обырының 90%-на дейін алдын алады.

• АПВ вакцинасы тұрақты скринингпен бірге жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді әдісі болып табылады.

• Қызылша – әлемдегі жұқпалылығы жоғары аурулардың бірі. Қызылша ауруының ең үлкен қаупі, өлімге дейін асқынулармен, вакцина алмаған жас балаларға қауіп төндіреді.

• Жүктілік кезінде қызамық инфекциясы ұрықтың өліміне немесе туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін. Балалық шақтағы қызамыққа қарсы вакцинация адамға өмір бойы қорғаныс береді.

• В гепатитіне қарсы вакцина осы вирусты жұқтырудан және одан туындаған созылмалы ауру мен бауыр обырының дамуынан 95% қорғауды қамтамасыз етеді.

• Аралас вакциналарды қолдану – мысалы, көкжөтел, дифтерия және сіреспеге қарсы вакциналар (АКДС) емханаға баруды азайтып және инъекцияларды аз салу арқылы вакцинациялауға мүмкіндік береді, осылайша бала үшін стресс азаяды.

Фото: Н.Нұржаубай

20 ақпан 2025 ж. 73 0